ерекшелігі,
сонымен қатар, оның қызметінің
мұғалім мен оқушының арасында өзара қарым-қатынастарының барысында
жүзеге асырылатындығы болып табылады. Мұндай өзара әрекеттестіктің
сипатын ең алдымен мұғалімнің өзі анықтайды, мұндай өзара әрекеттестіктің ең
оңтайлы түрі – ынтымақтастық, педагогикалық үдеріс субъектілерінің бірлескен
шығармашылығы болып табылады.
Педагогикалық мамандықтың тағы бір
ерекшелігі:
мұғалім дегеніміз мәңгі
жастықтың кәсібі. Өзінің жасы нешеде болса да мұғалім жеткіншек ұрпақтың
мүдделерімен өмір сүреді, олармен араласу мұғалімнің өмір бойы өзін рухани
тұрғыдан жас болып сезінуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын педагогикалық іс-
әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде
психологиялық,
педагогикалық,
әдістемелік,
теориялық,
тәжірибелік
дайындықтардан құралады. Мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды
болғандықтан мұғалімге қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге
болады: жалпы адамзаттық талаптар, мұғалім мамандығының ерекшелігін
анықтайтын талаптар, пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары. Жалпы
адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі, қайырымдылығы, әділеттілігі,
инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. Ал мұғалім мамандығының
ерекшелігіне байланысты талаптарға мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы,
коммуникативтілігі, шыдамдылығы, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы,
шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-өнеге болуы және
т.б. кіреді. Ал үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің болуы,
педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы, әдістемелік білімдерді игеруі
және т.б. өзіне меңгереді.
Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық
емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық.
Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген
қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға
деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
- жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық
стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға
дайындық;
- үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен
дайындығының болуы;
- психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға
қабілеттілігі және т.б.
Мұғалімге оқушылар, ата-аналар тарапынан қойылатын субъективті талаптар
да бар. Оларға мыналар жатады:
- балаға деген сүйіспеншілік;
- эмпатия;
- қарым-қатынасқа жылдам түсе алу,
- ізгіліктілік;
- талап қоя алушылық;
- қайырымдылық;
- рухани байлықтың болуы;
- әділеттілік;
- өз сөзінде тұра алу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |