Сөйлеу аппаратына арналған дауысты мен дауыссыз әр дыбысты дұрыс айту
жаттығулары.
Кейбір кемшіліктерді түзеу үшін ЖОО-на арналған мәнерлеп оқу
оқулықтарынан пайдалы кеңестер алуға болады. Бұл үшін еңбек, шыдамдылық,
тоқтаусыз жаттығулар керек.
Сөйлеу жылдамдығы әр мұғалімнің жеке қасиеттеріне және сөзінің мазмұны
мен жағдайына байланысты. Орыстардың оптимальді сөйлеу темпі минутына 120
сөз (ағылшындарда 120-150 сөз). Тәжірибе дәлелдегендей, 5-6 сыныптарда
мұғалім сөйлегенде 60 сөзден асырмайғаны абзал, ал минутына 10-75 сөз. (?
)
Кейбір сөздердің айтылу ұзақтығы оның ұзындығына ғана емес, сонымен қатар
оның мағызына да байланысты созылып айтылады. Мәтін қаншалықты маңызды
болса, соншалықты баяу оқылады. Материалдың қиын бөлігін жай оқып, әрі
қарай жылдамдықты арттыруға болады. [13]
Ереже, заңдар, анықтама, принциптерге тоқталғанда, қорытынды жасағанда
міндетті түрде сөйлеуді баяулатып оқиды. Дыбысталудың мәнерлілігі үшін
үзілістерді тиімді пайдалану керек: логикалық, психологиялық. Логикалық
үзіліссіз сөйлеу – сауатсыз, ал психологиялық үзіліссіз –мәнсіз, жансыз болады.
Монотонды сөйлеу – зейінді, қызығушылықты жояды, адамды жалықтырады.
Академик И.П.Павлов жалығуды «көзі ашық ұйқы» деген. Мұғалімнің
сөйлеуінің интонациялық байлығын дамыту үшін арнайы жаттығулар
көмектеседі:
тыныс алуды реттеу;
дикцияны жаттықтыру;
темпоритм (жылдамдық ырғағы);
дауыс шығару жолдарын күту.
Сонымен, мұғалім дауысы ашық, қанық, айқын, назар аударатын, іс-әрекет
ету мен ойлануға тартатын болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: