Мысалы: «Жексенбі күні күндіз 1-сынып циркке барады» деген қарапайым
сөйлемде біздің не айтқымыз келетініне қарай 4 логикалық екпін нұсқалары
болуы мүмкін. Мысалы, киноға емес, циркке! – дегіміз келсе екпін «циркке»
сөзіне түседі. «1-сынып» сөзін екпінмен айтсақ, циркке басқалар емес, тек бірінші
сынып қана баратыны байқалады. «Жексенбі» сөзі нақты қай күні екеніне
байланысты, ал «күндіз» уақытын нақтылау үшін екпінді болады [16]. Ауызша
сөйлеудегі көп таралған қателік белгілі бір сөзге екпінді баса түсіру. Ал мұғалім
сөйлеуі, егер логикалық екпін болмаса түсініксіз болады. Кез-келген сөзді соза
екпін сала сөйлеуді түсіну қиынның қиыны. Сөйлемдегі логикалық екпінді қалай
анықтауға болады? Сөйлеушіге мәтін мазмұны мен мағынасы көмек береді.
Тыңдаушыға не көмектеседі? Тыңдаушы да, сөйлеуші баяндаушы да, ауызша
сөйлеудің логикалық ережелерімен таныс болу керек. Сөйлемде қарама-
қарсылық болса, сол екі қарама-қарсы сөздің екеуі де ерекшеленіп айтылады. Зат
есімде атау септікке екпін түседі. Мұғалім бастауыш пен баяндауыштың (егер
мүшелерден ғана құралмаса) әртүрлі сөйлеу тактісінде с.с. үзіліс арқылы
бөлінеді.
Сөйлеу тактісін басқасынан бөліп тұратын үзілістер-логикалық үзіліс деген
атауда болады.
Сабаққа дайындала отырып мұғалім конспектіде сөйлеу тактілері мен
логикалық екпіндерін логикалық үзілістермен бөліп алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: