Педагогикалық қарым-қатынастың педагогикалық үдерістің логикасына сай
келетін динамикасы бар (түпкі ой, түпкі ойды жүзеге асыру, талдау және
бағалау). Осыдан келіп оның кезеңдері шығады:
1) сабаққа немесе шараға дайындық кезінде алдағы қарым-қатынасты
моделдеу (болжау кезеңі);
2) тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы
кезеңі) — «коммуникативтік шабуыл»;
3) педагогикалық үдерістегі қарым-қатынасты басқару;
4) жүзеге асқан қарым-қатынасты талдау және басқа педагогикалық
міндеттерді шешу үшін жаңа қатынасты модельдеу.
Аталған кезеңдер педагогикалық қарым-қатынастың кезең-кезеңмен
тарқатылуын сипаттайды [4].
Достарыңызбен бөлісу: