№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы туралы ұғым



Pdf көрінісі
бет34/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   293
Байланысты:
педагогика

Педагогикалық қарым-қатынас технологиясы туралы ұғым. 
Педагогикалық  қарым-қатынас  –  бұл  педагог  пен  оқушылар  арасындағы 
өзара  түсінушілік,  өзара  әрекет,  коммуникацияны  дамыту,  тұрақтандыру, 
ұйымдастырудың көпжоспарлы үдерісі. 
Қарым-қатынастың  құрылымы  үш  бөліктен  құралады:  қарым-қатынастың 
коммуникативті  жағы,  интерактивті  жағы,  перцептивті  жағы.  Коммуникативті 
жағы қарым-қатынасқа түсушілер арасында ақпарат алмасу қызметін атқарады. 
Ал  интерактивті  жағы  қарым-қатынасқа  түсушілер  арасында  бірлескен  өзара 
әрекеттесуге  тән.  Перцепциялық  жағы  қарым-қатынасқа  түсушілердің  өзара 
қабылдауын, түсінуін, бағалауын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың барлық 
құрамдас  бөліктері  өзара  байланыста,  біртұтастықта  жүзеге  асады.  Тиімді 
ақпарат  алмасу  –  бұл  сәттілікке  жетелейтін  бастау.  Өз  ойын  дұрыс  әрі  нақты 
жеткізе  білу,  тыңдай  білу  –  бұл  қарым-қатынастың  коммуникативті  жағының 
құрамдас бөліктерінен тұрады.  
Педагогикалық  қызметтің  нәтижелілігі  көбінесе,  мұғалімнің  педагогикалық 
қарым-қатынас технологиясын меңгеру деңгейімен анықталады. Педагогикалық 
тәжірибеге жасалған талдау оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешудегі өрескел 
қиындықтар мұғалімнің балалармен қатынасты дұрыс ұйымдастыра алмауынан 
туындайтындығын  көрсетті.  Оқыту  мен  тәрбиелеудің  қандай  да  бір  әдістерінің 
жіктемесі  ұсынылғанымен,  педагогтың  оқушыға  ықпалы  тек  қана 
тәрбиленушімен тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. 


Педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясы  бойынша  мұғалімдерге 
арналған  еңбектің  авторы  В.А.Кан-Калик,  «егер  баланың  бойындағы  біздің 
берген тәрбиемізге деген көзқарас жағымды болса, тәрбие сонда ғана нәтижелі 
болады»,  -  деп  атап  өткен  болатын  [1].  Соған  қарамастан,  қарым-қатынастың 
қайсыбір түрі әрқашанда оның қалыптасқан механизмі арқылы қалыптасады. Сол 
себепті,  әр  мұғалімнің  алдында  педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясын 
меңгеру  міндеті  тұрады.  Технологияны  білмеу  коммуникативтік  әрекеттердің 
қате және сынап көру жолымен жүзеге асыруына әкеліп соғады. 
Педагог оқушылармен қарым-қатынас жасауда көбінесе төмендегі себептерге 
байланысты қиыншылықтарға тап болады: 
-
 
балалармен қарым-қатынас жасай алмау;  
-
 
сабақта балалардың қарым-қатынасын басқара алмау; 
-
 
өзара  қатынасты  құра  алмау  және  педагогикалық  міндеттердің 
ерекшелігіне байланысты оны қайта өзгерте алмау; 
-
 
оқушының ішкі психологиялық ұстанымын түсіне алмау; 
-
 
тілдік  қарым-қатынастағы  қиыншылықтар  және  оқу  материалына  өзіндік 
эмоционалдық қатынасын жеткізе алмау; 
-
 
қарым-қатынаста өзіндік психологиялық жағдайын басқара алмау. 
«Мұғалімнің  педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясын  игеруі  өте 
маңызды,  өйткені  ол  мұғалімнің  оқушыларға  деген  қарым-қатынасын 
қамтамасыз етеді». [2]. 
Кәсіби  педагогикалық  әрекеттің  өзіндік  сипаттамасы  өзара  байланысты  екі 
аспектіден  көрінеді.  Бір  жағынан,  бұл  балалармен  қарым-қатынас  жасау 
үдерісіндегі  педагогикалық  шығармашылық,  ал  екінші  жағынан,  —  бұл 
педагогикалық шығармашылық үдерісінде балалармен қарым-қатынас жасау. 
Кәсіби-педагогикалық  қарым-қатынас  –  коммуникативтік  құралдардың 
көмегімен өзара қатынасты ұйымдастыру, тәрбиелік ықпал етуге көмек көрсету, 
ақпарат  алмасу  мазмұны  болып  табылатын  педагог  пен  тәрбиеленушінің 
шектеулі  әлеуметтік-психологиялық  өзара  әрекет  ету  жүйесі  (тәсілдер  мен 
дағдылар). 
Осыған орай, педагогикалық қызметтегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін 
шешу  құралы;  білім  беру  үдерісін  әлеуметтік-психологиялық  қамтамасыз  ету; 
оқыту  мен  тәрбиенің  нәтижелілігіне  септігін  тигізетін  педагог  пен  балалардың 
өзара қатынасын ұйымдастыру тәсілі. 
Сонымен,  педагогикалық  қарым-қатынас  шығармашылықтың  ерекше  түрі 
ретінде  технологиялық  тұрғыда  өз  бейнесін  ақпаратты  беру,  оқушының  жай-
күйін  түсіну,  балалармен  өзара  қатынасты  ұйымдастыру,  қарым-қатынас 
бойынша серіктесіне ықпал ете білу шеберлігінен, өзіндік психологиялық жай-
күйін басқара алу шеберлігінен көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет