№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Өздігінен  білім  алу  -  қазіргі  заман  жағдайында  мұғалімнің  кәсіби  іс-



Pdf көрінісі
бет41/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   293
Байланысты:
педагогика

Өздігінен  білім  алу  -  қазіргі  заман  жағдайында  мұғалімнің  кәсіби  іс- 
әрекетінің нормасы және түрі. 
Мұғалімнің  кәсіби  өзін-өзі  жетілдіруінің  басты  бөлігі  өздігінен  білім  алу 
болып табылады, осы мәселені зерделеумен айналысып жатқан ғалымдар мұны 
«мақсатқа сай, педагогикалық үдерісті жетілдіру үшін қажетті жалпы адамзаттық 
тәжірибені,  әдіснамалық  және  арнайы  білімдерді,  кәсіби  шеберлік  пен 
машықтарды игеру жөніндегі педагогтың белгілі бір дәрежеде жүзеге асыратын 
танымдық қызметі» деп түсінеді [1]. 
Өздігінен білім алу – мұғалімнің маман ретіндегі өсуінің негізі екені баршаға 
мәлім.  
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  өздігінен  білім  алуы  –  қолда  бар  және  жаңа 
психологиялық-педагогикалық,  әдістемелік  білімдерді  алу  және  оларды 
шығармашылық  тұрғыда  педагогикалық  қызметте  пайдалануды  жетілдіру 
бойынша студенттің мақсатқа сай өзіндік қызметі [2].  
Мұғалім,  А.  Дистервегтің  айтуы  бойынша,  «өзінің  жеке  тәрбиесімен  және 
білімімен  жұмыс  істеуін  тоқтатпаса  ғана  шын  мәнінде  тәрбиелеуге  және  білім 
беруге  қабілетті».  Егер  ол  үйренбесе,  өз  саласындағы  ғылыми  жетістіктерді 
қадағаламаса, және оларды өз тәжірибесіне енгізбесе, оны артта қалды деп айту 
аз:  ол  артқа  тартады,  мектеп  алдына  қойылған  міндеттерді  шешуге  қиындық 
туғызады  және  қаласа  да,  қаламаса  да, мектеп  ұжымының жалпы  қозғалысына 
қарсы  тұрады.  Мұғалімнің  оқып  жүрген  кезінде  ғана  өмір  сүретінін  растаған, 
«орыс ұстаздарының ұстазы» К.Д.Ушинскийдің айтқанындай, қазіргі  уақыттың 
танымал  ғалымдарының  бірі,  академик  Б.Т.  Лихачев,  жастарға  қарата  отырып 
былай деп жазған: «Әрқашан оқу қажет. Ірі ғалымдардың барлығы өмірлерінің 
соңына  дейін  оқытып  қана  қоймаған,  сонымен  қатар  оқыған  да.  Оқуыңды 


тоқтатсаң  –  оқыта  да  алмайсың.  Өйткені,  білім  барған  сайын  артуда  және 
қиындай түсуде» [3]. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиетті  зерделеу  және  талдау,  өзін-өзі 
жетілдіруге  деген  тілек  пен  тәжірибенің  өздігінен  білім  алуға  қажетті 
алғышарттарды туындататынын көрсетіп отыр, ол өзінің жеке басының маңызды 
қасиеттерін кәсіби дамыту бойынша танымдық жұмысты үш бағытта болжайды: 
а)  педагогикалық  қызметтің  талаптарына  өзінің  жеке-қайталанбас 
ерекшеліктерін бейімдеу; 
б) кәсіби құзырын тұрақты арттыру; 
в)  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-адамгершілік  және  басқа  қасиеттерін  үздіксіз 
дамыту [4]. 
Осы  тұрғыда  мұғалімдердің  өздерін  де  мұғалім  болуға  үйрету  қажет  деген 
пікірді  ұстанған  зерттеушілердің  ойлары  да  ескерерлік.  Олардың  ғылыми 
еңбектерін талдау бізге ережелерді қисынға келтіруге мүмкіндік береді.  
Мұғалім міндетті:  
1.  Әдіснамалық  білімдерін  жүйелі  түрде  игеру,  философия  классиктерінің 
еңбектерін, өскелең ұрпаққа білім беру  мен тәрбиелеу туралы нормативті және 
концептуалды құжаттарды зерделеу. 
2.  Оқу  үдерісін  жетілдіруге  күш  салу,  өз  қызметінде  психология  мен 
педагогиканың  жаңа  жетістіктерін,  алдыңғы  қатарлы  тәжірибені  қолдана  және 
жеке  ғылыми-педагогикалық  іздеуді  жүзеге  асыра  отырып,  мұғалімнің  кәсіби-
педагогикалық қызметі толығырақ іске асырылады.  
3.  Оның  соңғы  және  аралық  нәтижелерін  өзінің  ұстаздық  еңбегінде 
педагогикалық  тиімділігін  бағалаудың  өлшемдері  ретінде  пайдалана  отырып, 
оқыту  үдерісін  дамытудың  жалпы  үдерістерімен  сәйкестендіре,  іске  асырылып 
отырған білім беру үдерісін тұрақты түрде талдау, ғылым талаптарының нақты 
нұсқалары жобаларының негізділігі. 
4.  Олардың  жүйесіндегі  мазмұны  бойынша  әртүрлі  оқыту-тәрбиелілік 
міндеттерін шешудің шығармашылық үдерісі ретінде өзінің жеке педагогикалық 
қызметін түсіну. 
5.  Өздігінен  білім  алу,  зерделеу  және  ғылым  жетістіктері  мен  алдыңғы 
қатарлы  тәжірибені,  сондай-ақ  дербес  педагогикалық  іздену  амалымен  өзінің 
кәсіби-педагогикалық біліктілігін үздіксіз жетілдіру. 
6.  Өзін  өзі  дамыту  амалымен  өз  бойында  кәсіби-педагогикалық  қасиет 
қалыптастыру,  олар  шығармашылық  қызметтің  алғышарты  болып  табылады; 
дидактикалық  қағиданың  барлық  жүйесін  басшылыққа  ала  отырып, 
шығармашылық сипаттағы педагогикалық міндеттерді кезең-кезеңмен шешудің 
зерттеушілік шеберлігін және тәсілдерін меңгеру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет