№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық  құзыреттілігі



Pdf көрінісі
бет27/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   293
Байланысты:
педагогика

Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық  құзыреттілігі 
“Құзыреттілік”  түсінігі  білім  беру  саласында  1960-1970  жылдардағы  шетел 
әдебиеттерінде,  ал  1980  жылдардың  соңында  отандық  әдебиеттерде  кездесті. 
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген болатын, 


алғашында  ол  ана  тілінде  нақты  тілдік  қызметті  орындау  үшін  қажет 
қабілеттіктер ұғымын берген 
«Құзыреттілік  »  термині  әдетте  белгілі  бір  әлеуметтік-кәсіби  статус  иесіне 
байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің 
орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы 
сипатталады.  
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-
бейім  сөзінен)–қандай  да  бір  оқу  пәнін  оқыту  үдерісінде  қалыптасатын  білім, 
білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу 
қабілеттілігі», – делінген.  
Орыс тілінің сөздігінде « құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар 
болуы мәселесі төңірегінде» берілген.  
Латынның  «compete»  деген  термині  «білу»,  «жасай  алу»,  «дегеніне  жету» 
деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды.  
Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  мұғалім  –  қазіргі 
оқушылардың   шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың, 
интелектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге, 
білімнің  жетіспеушілігін  сезуіне  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды 
қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып  табылмақ.  Сонымен  қатар, 
ғалымдар  білім  берудегі  құзыреттілік  тәсілді  жүзеге  асырудың  төрт  аспектісін 
ажыратады:  
* түйінді құзыреттер; 
* жалпыланған пәндік біліктіліктер; 
* қолданбалы пәндік біліктіліктер; 
* өмірлік дағдылар. 
Құзыреттіліктің  мазмұны  жеке  кәсіптік,  интегралдық  сипаттама  ретінде 
төмендегі  қызметтерді  жүзеге  асырумен    анықталады:  болжау;  ұйымдастыру; 
бақылау; реттеу; үйлестіру; сәйкестендіру, белсенділігін арттыру. 
«Кәсіби    құзыреттілік»  ұғымы  «кәсіби  қызметке  даярлық»  (В.А.Сластенин, 
Н.Н.Лобанова,  А.И.Панарин  және  т.б.)  және  «педагогикалық  кәсібилік» 
(А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен теңестіріледі.  
Кәсіби    құзыреттілікті    зерттеуде  Н.В.Кузьмина  арнайы-педагогикалық, 
ғылыми-педагогикалық,  әлеуметтік-психологиялық    құзыреттілік,  әдістемелік 
құзыреттілік,  дифференциалды-психологиялық  және  аутопсихологиялық  
құзыреттілік    сияқты  түрлеріне,  А.А.Реан,  Е.С.Алешина-дифференциалдық-
психологиялық  құзыреттілікке,  М.В.Прохорова-басқарушылық  құзыреттілікке, 
Т.Б.Руденко 
дидактикалық-әдістемелік 
құзыреттілікке 
назар 
аударса, 
Ю.В.Варданян,  В.И.Журавлев,  Т.В.Новикова,  Н.Ф.Талызина-мұғалімнің  кәсіби  
құзыреттілігін    кәсібиліктің  бір  баспалдағы,  А.А.Вербицкий,  А.К.Маркова  - 
мұғалімнің  педагогикалық  қызметін  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білім,  білік, 
дағды 
және 
қабілеттіліктің, 
психологиялық 
сапалардың 
жүйесі, 


Е.М.Павлютенков  -  білім  және  мұғалімнің  тұлғалық  қасиеттерінің  негізінде 
педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған. 
Кәсіби  құзыреттіліктің  түрлі  бағыттары  ғалымдар  еңбектерінде  жан-жақты 
қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов, 
И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П.Белозерцов, 
И.А.Колесникова,  А.Е.Кондратенков,  Н.В.Кузьмина,  И.Я.Лернер,  Н.Д.Левитов, 
М.Н.Скаткин,  В.А.Сластенин,  Ш.Т.Таубаева;  педагогтың  кәсіби  қызметінің 
психологиялық  негізі  –  Л.С.Выготский,  В.В.Давыдов,  А.Н.Леонтьев  т.б. 
еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған.  
Маманнның  кәсіби  құзыреттілігінің  түрлері:  арнайы,  әлеуметтік  және 
тұлғалық. 
Арнайы - өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім 
мен  білікті  өз  бетімен  меңгеру,  өз  еңбегінің  нәтижесін  бағалау,  біліктілігінің 
болуы.  
Әлеуметтік  –  тіл  туралы  білімінің,  коммуникативті  мәдениетінің,  басқамен 
ынтымақтастыққа  қабілеттілігінің,  өзінің  іс-әрекетінің  нәтижесіне,  қоршаған 
ортаға дайындығының болуы.  
Тұлғалық - өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-
әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы  
Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің  компоненттері:  субъектілік  компонент, 
нысандық компонент, пәндік компонент.  
Егер аталған компоненттердің әрқайсысына жеке тоқаталатын болсақ, онда: 
-субъектілік компонентке: мұғалімнің мақсат қоя білушілік, шығармашылық 
және  өзін  дамыту  барысында  өзіндік  диагностиканы,  өз  ісіне  талдау  жасай 
отырып, өзіне сыни тұрғыдан қарай алу шеберлігі жатады; 
-  нысандық  компонентке:  кәсіби  іс-әрекет  жүйесін  және  мұғалімінң 
әрекетіндегі қойылған мінедттерді шешудегі стратегиялық іскерлік; 
-пәндік  компонент:  өз  білімін  жетілдіру  мақсатында  қажеттеліктерін 
қанағаттандыру. 
Кәсіби  құзыреттілік  маманның  дайындық  сапасының  сипаттамасы,  еңбек 
қызметінің  тиімділік  әлеуеті  ретінде  қарастырылады.  Педагогикада  бұл 
категория «жалпы мәдени құзыреттіліктен» туындаған өнімді компонент ретінде 
немесе  «маманның  білімділік  деңгейі»  ретінде  қарастырылады.  Егер  кәсіби 
шеберлік деңгейлер жүйесінде құзыреттілік орнын анықтайтын болсақ, онда ол 
орындаушылық пен кемелдену арасында орналасқан. 
«Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі»  түсінігі  мұғалімнің,  тәрбиешінің  жеке 
мүмкіндіктерін  көрсетеді.  Ол  педагогикалық  жағдаяттарды  еркін  түрде 
жеткілікті  деңгейде  тиімді  шешуде  мүмкін  болады.  Ол  үшін  педагогикалық 
теорияны, оны тәжірибе түрінде қолдана алу және дайын болу керек.  
Педагогикалық мамандық, айтып өткендей, бір уақытта жаңару және басқару 
болып  табылады.  Жеке  тұлғаның  дамуын  басқару  үшін  құзырлы  болу  керек. 


Педагогтың кәсіби құзыреттілігі теориялық білім мен тәжірибелік дайындықтың 
бірігуінен көрінеді. [4] 
Педагогикалық дайындық мазмұны біліктілік сипатынан көрінеді. Біліктілік 
сипаты  -  теориялық  және  тәжірибелік  дайындық  деңгейіндегі  біріктірілген 
талаптар. [5] 
Жалпы  психологиялық-педагогикалық  білімдері  оқу  бағдарламасымен 
анықталады. Психологиялық-педагогикалық дайындық мынаны құрайды:  
- әдістемелік негіздер мен педагогика туралы білімі; 
- тұлғаны дамыту және әлеуметтендіру заңдылығы; 
-  анатомиялық-физиологиялық  және  психологиялық  тұрғыда  баланың, 
жасөспірімнің, жеткіншектің жас ерекшеліктеріне қарай дамуы; 
Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пәндік) білім-өте қажет, бірақ 
кәсіби құзыреттілік жеткіліксіз. Теориялық-тәжірибелік және әдістемелік білім, 
интеллектуалдық және тәжірибелік дағдылары мен әдеттері болып табылады. 
Педагогикалық  іскерлік  -  теориялық  білім  мен  мәселелерді  шешуге 
бағытталған  әрекеттер  сәйкестігі.  Мұндай  түсінік  болашақ  мұғалімнің жетекші 
теориялық білімдері мен тәжірибелік дайындықтарын көрсетеді. Берілген түсінік 
педагогикалық  дағдының  ішкі  құрылымын  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  өз 
кезегінде  көптеген  педагогикалық  мүмкіндіктерді  біріктіру  немесе  бөлу 
мүмкіндігін  ашады.  Мысалы:  «әңгіме  өткізу»  мүмкіндігі  бөліктерден  тұруы 
мүмкін: тақырыпты анықтау, түрін таңдау, әдістеме мен тәрбие әдістері, жоспар 
жасау (конспект) т.б. Педагогикалық құзыреттіліктің құрылымы педагогикалық 
дағды арқылы ашылуы мүмкін.  
Кәсіби дайындықтың моделі мақсатты түрде жалпыдан жеке дағдыға көшті. 
Педагогикалық міндеттердің біріктірілген деңгейіне қарамастан аяқталған цикл 
шешімі үштікке әкеледі «ойлау-әрекет-ойлау» және педагогикалық құзыреттілік 
мен  дағдыларының  компоненттеріне  сәйкес  келеді.  Нәтижесінде  мұғалімнің 
кәсіби құзыреттілік моделі біріккен теориялық және тәжірибелік дайындықтың 
нәтижесінен шығады. [6] 
Педагогикалық дағды мұнда 4 топқа біріктірілген.  
1.  Тәрбиенің  объективті  үрдіс  моделін  нақты  педагогикалық  міндетке 
айналдыру  мүмкіндігі:  жекелеген  оқушылар  мен  ұжым  дамуының  негізінде, 
олардың  жаңа  білімді  белсенді  меңгеру  деңгейлерін  анықтау:  білімділік, 
тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін нақты көрсету кешені. 
2. Аяқталған педагогикалық жүйені құру және қозғалысқа келтіру: білімділік, 
тәрбиелік  міндеттерді  жоспарлау:  білім  мазмұнын,  форма  түрін,  әдістері  және 
ұйымдастыру көздерін таңдау. 
 3. Тәрбие факторлары мен компоненттері арасындағы байланысын табу және 
нақтылау. 
Қажетті 
(материалдық, 
моральді-психологиялық, 
ұйымдастырушылық,  гигиеналық  т.б.)  жағдайларын  жасау.  Оқушылардың 
әрекетін  белсендету,  жеке  белсенділігі,  объект  тәрбиесінен  субъект  тәрбиесіне 
ауыстыру, ішкі жоспарланбаған шараларды жиілету. 


4. Педагогикалық әрекеттің нәтижелерін бағалау және есепке алу мүмкіндігі: 
өзіндік  талдау  және  оқу  үдерісіне,  мұғалімнің  әрекет  нәтижесіне  талдау, 
педагогикалық міндеттердің тәуелділігі  мен жаңа дамытушы міндеттер кешені. 
[7] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет