№1 дәріс тақырыбы. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдалардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктері


Педагогикалық  мамандықтың  ерекшеліктері  және  оған  қойылатын



Pdf көрінісі
бет22/293
Дата02.02.2022
өлшемі2,9 Mb.
#117105
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   293
Байланысты:
педагогика

Педагогикалық  мамандықтың  ерекшеліктері  және  оған  қойылатын 
талаптар 
Педагогикалық мамандықтың басқалардың қатарынан ерекшеленіп тұруы, ең 
алдымен  осы  мамандық  өкілдерінің  ойлау  образы,  олардың  өз  міндеттері  мен 
жауапкершілігін  өте  жоғары  сезінуі.  Оның  ең  басты  айырмашылығы,  ол 
өзгертуші  де,  басқарушы  мамандықтардың  қатарына  бірдей  жатады.  Өз 
қызметінде  тұлғаны  қалыптастыру  мен  өзгерту  мақсатын  қоя  отырып,  педагог 
сол  тұлғаның  интеллектуалдық,  эмоционалдық  және  физикалық  даму  үдерісін, 
оның  рухани  әлемінің  қалыптасуын  басқаруды  мұрат  етеді.  Педагогикалық 
мамандықтың  негізгі  мағынасы  адамдармен  қарым-қатынас.  Педагогтың  басты 
міндеті  –  қоғамдық  мақсаттарды  түсіну  және  өз  оқушыларын  соларға  қол 
жеткізуге бағыттау. 


Мұғалім  мамандығыны  басқалармен  салыстырғандағы 
ерекшелігі 
оның 
қызметінің 
нысаны 
ерекше 
серпінділігімен, 
күрделілігімен, 
және 
көпқырлылығымен ерекшеленеді. 
Сондықтан  да,  бұл  мамандық  мұғалімнен  арнайы  білімді  де,  қандай  да  бір 
салалардағы  білімдерді  де  талап  етеді.  Ал  басшы  ретінде  ол  оқушылардың 
қызметін жақсы түсінетін және білетін болуы керек, өйткені ол сол оқушыларды 
дамыту үдерісін басқарып отыр. 
Осылайша,  педагогикалық  мамандық  қос  бірдей  дайындықты  талап  етеді: 
адамтанушылық және арнайы. 
Педагогтың функциялары (міндеттері, мақсат-мұраты) алуан қырлы, алайда, 
солардың ішінен ең негізгі үшеуін атауға болады: оқытушылық, тәрбиелеушілік 
және қоғамдық-педагогикалық. Мұғалім ең алдымен оқытады, яғни, балалардың 
жалпы адами тәжірибесін, білімін және оларды алу жолдарын, оқу жұмысының 
әдіс-тәсілдерін  меңгеруіне  көмектеседі.  Балалардың  тұлғасын  қалыптастыру 
оқыту  барысында  да,  оқытудан  тыс  қызметте  де  жүріп  жатады.  Оқу  үдерісінің 
ұйымдастырылуы,  баланың  мұғаліммен  тіл  табысуы,  баланың  тұлғасы,  тәрбие 
жұмысы  –  осының  барлығы  да  мектеп  оқушысының  белгілі  бір  қасиеттерінің 
қалыптасуына,  оның  дербестігінің  дамуына  септігін  тигізеді,  яғни  тәрбиелік 
функция іске асады. 
Мұғалімдер  ешқашан  өз  қызметін  жұмыстағы  әрекеттерінің  аясымен 
шектемейтінін ерекше атап айту керек. Мұғалім – ағартушы, қоғамгер. Көптеген 
мектептік, қоғамдық іс-шараларға қатысу, өзінің оқушыларымен бейресми түрде 
араласу, үйірмелер мен секцияларды басқару – бұның бәрі, негізінен өз еркімен 
атқарылатын  қоғамдық  қызмет,  яғни  қоғамдық-педагогикалық  функцияларды 
атқару болып табылады. 
Педагогикалық  мамандықтың  көптеген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет