1-дәріс. Тақырыптың аталуы: Кіріспе. Көмекші мектептегі коррекциялық ритмика пәні және міндеттері


Оңалту әдістеріндегі бағыт - логопедтік ырғақ



бет49/89
Дата07.02.2022
өлшемі187,43 Kb.
#93097
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89
Байланысты:
коррекц ритмика лекция жинағы

2. Оңалту әдістеріндегі бағыт - логопедтік ырғақ.
Дизартриясы бар балаларға арналған логопедиялық ырғақ сабақтарында қолданылатын жаттығулардың негізгі түрлері, бұлшық ет тонусын реттеуге, сөйлеу тілді тыныс алу мен дауысты дамытуға, дикция мен артикуляцияны дамытуға, қимылдар мен сөйлеу тілдің статикалық және динамикалық координациясын, ұсақ және мимикалық моторикалық қимылдардың ауыспалығын, ырғақ сезімін дамытуға бағытталған.
Логопедиялық ырғақты қолдануда сөйлеу тіл мен моториканы толыққанды дамыту үшін жұмысты жүйелі өткізу өте маңызды, ол үшін тақырыптық жоспар құрастырылады, ол барлық мамандырдың: логопед, тәрбиеші, музыкалық жұмыскердің жұмыстарын бағыттап отыруға мүмкіндік береді.
Түзету қызметінің жүйесін жеке, топтық сабақтарда қолданады. Логопедиялық ырғақтың элементтері сөйлеу тілді дамыту, мүсіндеу, конструкциялау, музыкалық сабақтарда да қолданылады.
Сонымен дизартрияны түзету бойынша жұмыстың жүйесін құрайтын әр-түрлі әдістемелер қатарында, логопедиялық ырғақ белгілі бір орынға ие. Өйткені қимыл- қозғалыс пен сөйлеу тіл арасында тығыз байланыс байқалады. Логопедиялық ырғақтың теориялық негізі Н.Ф.Бернштейннің қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың деңгейлік теориясы болып табылатындықтан, соған сай логопедиялық ырғақ сөзсіз және сөйлеу тілді үрдістерге әсер ете алады. Сонымен қатар дизартрия кезінде логопедиялық жаттығуларды қолдана отырып жұмыс істеген мамандардың өзара әсер етулерінің маңыздылығы ашылды. Ол бойынша барлық мамандар логопедтің
басшылығымен жұмыс атқарады, ол ұйымдастырушы және барлық түзету-дамыту жұмысының координаторы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет