Байланысты: 1 Ä?ð³ñ XVII ? õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð æ?íå õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòà
3 Дәріс XVII-XIXғ басында отарлық империялардың қалыптасуы. 3.1 Отар" және "отарлаушы"(метрополия") ұғымдары.
3.2 Отарлық империялардың пайда болуы және дамуы.
3.3 Отарлық экспансия типологиясы: кейінгі феодалдық Испания, Португалия және Ресей; абсолюттік Франция; ерте буржуазиялық Нидерланды және Англия.
3.4 Испания мен Португалияның отарлық империя құруларының ерекшеліктері
Солтүстікамерикалық отарлардың тәуелсіздік жолындағы Англияға қарсы соғыс кезеңі ұлт үстемдігінің буржуазиялық принциптеріне негізделген дипломатияның жаңа түрінің қалыптасуымен сипатталады. Абсолюттік монархияның дворяндық-династиялық сыртқы саясатының орнына халықтар теңдігін, бостандығын, тәуелсіздігін жариялаған буржуазиялық саясат келді.
Англияға қарсы соғыс кезінде (ол 7 жылға созылды) отарлар еркіндікке шықты. Британ парламенті бұл отарларды өз өнімдерін өткізетін рынок және британ өнеркәсібі үшін бай шикізат көзі ретінде қарастырды.
1775 ж. 29 қарашада сыртқы істер министрілігіне сай келетін орган құрылды. Ұлыбритания Ирландиядағы жақтастармен хат алысу үшін комитет құрылды, ол өз кезегінде Америка әскері үшін Еуропадан құпия түрде қару-жарақ, киім алу үшін жұмыс жасады.
Америка қару-жарақ алу үшін Франциямен құпия келіссөздер жүргізді. 1775 ж. аяғында Филадельфияға француз саудагерлері келіп, олармен қару-жарақ алу үшін контракт жасасты. 1776 ж. 3 наурызда құпия комитет Континенталды конгресс мүшесі Сайлас Динді Францияға жіберді. Ол Парижге көпес ретінде келіп, құпия түрде келіссөздер жүргізу керек еді. Бұдан кейін ол осындай тапсырмамен Голландияға баруы керек болды.
АҚШ-қа көмектесе отырып, француз дипломаттары өздерінің сыртқы саясаттағы мүдделерін көздеп, Англия әлсіреген жағдайда Канаданы өздеріне қайтарып, сондай-ақ, Англияның Вест-Индиядағы отарларын басып алуды көздеді. Теңізде сауда-саттықты дамытып, Францияның Еуропада мәртебесін биіктетуге де күш жұмсады. Францияның сыртқы істер министрі, граф Шарль де Вержен Макиавеллидің мақсатқа жету жолында барлық әдістер жақсы деген ұстанымын берік қолданатын дипломаттар қатарында еді. Тәуелсіз американдық мемлекеттің идеологиялық принциптерін қолдамаған Шарль де Вержен дегенмен оларға көмек беруге дайын болды, өйткені бұл жолмен Ұлыбританияны әлсіретуді көздеді.
1775 ж. бастап Америкадағы отарларға құпия қолдау көрсете отырып, ол Англияға қарсы ашық соғысуды мақсат етпеді, алайда француз буржуазиясы арасында Америка тәуелсіздігін ашық қолдағандар болды: маркиз Лафайет және “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі” шығармаларының авторы Бомарше. Бомарше отарларға құпия қолдау көрсету мақсатында 1775 ж. “Родриго Горталес и К” деген жалған сауда үйін ашты. Оның көмегімен Сайлас Дин Америкаға офицер-волонтерлар мен қару-жарақ жіберді. Жас француз офицері Лафайет өз қаржысына кеме жасақтап, 1777 ж. корольдің қарсылығына қарамастан Америкаға жүзіп кетті. Бомарше Францияның бейресми өкілі ретінде американдықтармен байланыс жүргізуге жауапты болды.
1776 ж. 15 желтоқсанда Франциядағы АҚШ-ң ресми түрдегі алғашқы елшісі ретінде Бенжамин Франклин Парижге келді. Еуропа АҚШ туралы аз мәлімет білетін еді, сондықтан Американы әлеммен таныстыру үшін беделді адам керек болды. Франклин жан-жақты талантты, білімді адам еді, ол кезінде Англияда да тұрған. Ол сонымен бірге ғылымда бірқатар жаңалықтар ашқан оқымысты еді (жарық, кеме жасауда, саяси экономияда). Сонымен бірге, сән елі саналатын Францияда Франклин киімінің “а ля Франклин” деп аталған үлгісін енгізушісі ретінде танылды. Парижге Америкадан келген кезде ол Америкадағы сияқты сұр шекпенімен жүре берді, шашын жабыстыра тарап қоятын. Еуропадағы сән бойынша ол пудраланған парик кимей, сусар бөрік киіп жүретін еді.
Ол тек француз үкіметімен емес, Англияның Франциядағы елшісі лорд Стормонттан басқа дипломаттардың бәрімен жақсы қатынаста болды. Англияның әлемдік аренадағы орны және сол кездегі саяси ахуал Америка үшін қолайлы еді. Ағылшын-француз бақталастығын және Испанияның Англияға қарсы болуын Американың пайдасына қолдануға мүмкін еді.
Одақтастыққа қолы жетпеген отарлардағы жағдай нашарлап, Англиямен татуласуды көздеді. Бұл жөнінде 1777 ж. тамыз айында француз үкіметінің өкілдеріне берілген меморандумда айтылды. Ағылшындар Филадельфияны басып алды да, конгресс Йорктаунға көшті. Генерал Бергойн ірі әскери жасақты басқарып орталық отарларға келді. Бұл әскери операцияға барлық Еуропаның назары аударылды. Әйтсе де Саратога түбінде ол қоршауда қалып жауға ерікті түрде берілді. Франклин бұл жеңіс туралы хабарды қолынан келгенше бәріне таратты.
1777 ж. желтоқсан айында американдықтар соғыста жеңе бастады. АҚШ пен Англия арасында бейбіт келісім туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл екі ел арасындағы соғысты жалғастыруды көздеген Верженн Франклинге француз үкіметі АҚШ-пен одақтастық жөнінде келісім жүргізбек деп хабарлады.
Осыдан кейін АҚШ Англиямен келіссөзін үзді, бірақ Верженн тағы да салғырттық танытты. Ол Франклинге Испаниямен бірігіп барып одақ құрамын деді. Бұл дипломатиялық ойын еді: соғысты созу, Англияны әлсірету және АҚШ-тың күшеюіне жол бермеу. Іс жүзінде Верженн франко-американдық одақтастыққа Мадридтің қосылуы туралы испан үкіметінен сұраған емес. 1778 ж. 6 ақпанда АҚШ Англиямен келіссөз жүргізе бастады деп естігеннен кейін ғана Верженн АҚШ-пен сауда-саттық және одақтастық жөнінде екі келісімді жасады.