1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Ақын, жырау, жыршы үғымдарының мәні, ерекшеліктері. Ол туралы ой-пікір, көзқарастар



бет3/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
4. Ақын, жырау, жыршы үғымдарының мәні, ерекшеліктері. Ол туралы ой-пікір, көзқарастар.
«Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен.
Жырау-белгілі бір дидактикалық немесе әлеуметтік тақырыпқа орай жыр үлгісімен суырыпсалма
айтатын қалыпты импровизаторлық дәстүрдің өкілі. Халықтың қамын ойлайтын ел ағасы, қысылғанда жол табатын ақылшысы.
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
М.Әуезов: «Жырау демек ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудың мақсаты, міндеті не болса сол, көңілашар, әлдене дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз қылады»-деп бағалайды.
8. Ал ақындық дарынның ерекшелігін Е.Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой-өрісі дәрежесінде таниды. Ақынның сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған әсерін ұғып есіне сақтауы да күшті, тұрақты. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді»,-деп жазады.
5. Жыраулар поэзиясының зерттелуі.
Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
I кезең. (IX-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен мұралары.
II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі. Қазтуған, Асанқайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (ХҮІІ-ХҮIII ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар,Шал,Көтеш шығармашылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет