1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Жыраулар поэзиясындағы дыбыс үндестігі



бет39/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
58.Жыраулар поэзиясындағы дыбыс үндестігі.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды.
Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:
Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер. (Қазтуған)
Жырау «ж» дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. Мысалы, Жиембет жырау:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен,
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін, –
деп тәж-тағына есірген Есім ханның қылығын ашу үшін «е» дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен.
Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауынан:
Күмбір-күмбір кісінетіп ,
Күреңді мінер ме екенбіз…
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке тон киер ме екенбіз?!
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?! –
деген жолдар арқылы өлеңнің әсерлілік қуатын күшейткен, әрі «к» дыбысын қайталай қолдану нәтижесінде өлеңнің саздылығын үдеткен. Жыраулар психологиялық синтаксистік параллелизмді де шеберлікпен қолданған.
59.Жыраулар поэзиясындағы құбылтулар.
Жыраулар мұрасынан ажарлап, яки құбылтып, құлпыртып қолданған көркемдегіш тәсілдерді көптеп кездестіреміз. Солардың бірі – ауыстыру (метафора) және теңеу. (57 де жауабы тұр).
Метонимия
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет