1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Ақын-жыраулар әдебиетінің зерттелуі



бет41/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
62.Ақын-жыраулар әдебиетінің зерттелуі.
Жырау поэзиясы әдебиеттану ғылымымызда, әдебиет тарихында көркемдік негіздері жөнінен де, әлеуметтік, тарихи мәні жөнінен де жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері.
Қазақ әдебиетінің жүздеген, тіпті мыңдаған жылдық тарихы бар осы бір асыл мұрасының жасау тарихын, жекелеген жыраулардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы тұжырым, тоқтамдары ілгеріде өткен, беріде жасаған, казіргі уақыттағы Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Х.Досмұхамедұлы,А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, М.Мағауин, Қ.Өмірәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, т. б. ғылымдарымыздың еңбектерінен табамыз.
Жыраулық өнердің құны мен мәні жөнінде профессор Ханғали Сүйіншіәлиев былай деп тұжырым жасады. «Қазақ әдебиетінің ілкі дәуірі туралы сөз болғанда бізге қолжазба күінде жеткен әдеби шығармалармен қатар халықтың жадында жазулы хаттай сақталып келген шешен жыраулар сөздерінің де маңызы зор болатыны ерекше ескерілуге тиіс. Қазақ хандығы құрылған дәуірге жататын шешен, жыраулардың сөздері де айтылған дәуірге жататын шешен, жыраулардың сөздері де айтылған заманына қарай әдебиет тарихының тиісті орын алуы керек».
Әдебиет тарихын зерттеушілер қазақ атымен аталатын әдебиеттің жасай бастаған уақытын Қазақ хандығы құрылған уақытпен сабақтастырады.
Бұл әдебиет негізінен жыраулар поэзиясы түрінде жасалады. (15-18 ғасыр аралығы)
Қазақ поэзиясын ең алғаш классификациялаған Шоқан Уалиханов қазақ өлеңін: жыр, жылау (жоқтау), қайым айтыс, қара өлең, өлең деп беске бөлді. Осы зерттеуде Шоқан мадақ өлең, естірту түрлерін атады.
Түркі халықтарының әдебиет үлгілерін жинап, бастырушы әрі ғылыми жүйеге алғаш түсіруші В.Радлов қазақ өлеңін тақырыптық, мазмұндық жақтан жіктей отырып кейбір көркемдік ерекшеліктерін нақты, айқын тұжырымдайды.
«Қазақтардың бүкіл өлеңінің түп негізгі ретінде қазақтар өздері «өлең» және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады.
1) Өлең
2) Жыр көпшілік жағдайда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып келіп отыратын үш бунақтан құралады. Ұйқас соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет