1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет109/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Тақырып - 20.
Ерлі зайыптылардың құқық қатынастары.

1. Ерлi зайыптылардың жеке құқықтары мен мiндеттерi


2. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi.
3. Неке шартының түсінігі және элементтері.
4. Неке шартының мазмұны
5. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі.
1.Ерлi зайыптылардың жеке құқықтары мен мiндеттерi
Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерi некеге тұрған күннен бастап туындайды. Мұндай құқықтар мен мiндеттер екi топқа бөлiнедi: жеке және мүлiктiк.
Жеке құқықтар мен мiндеттер олардың жеке мүдделерiне қатысты. Ерлi-зайыптылардың жеке құқықтары: -оларды алып жүрушiлерден ажырамайды, -оларды иеленушiнiң еркi бойынша бөгделенбейдi, -қандай да бiр мәмiлелердiң нысанасы бола алмайды, - ақшалай эквивалентi болмайды.
НОТЗ 29-бабына сәйкес ерлi-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсiп түрiн, тұрғылықты жердi таңдауда еріктi. Теңдiк принципiнен шыға отырып ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға бiлiм беру мәселелерi мен отбасы өмiрнiң басқа да мәселелерiн ерлi-зайыптылар бiрлесiп шешедi.
Мiндеттерiне қатысты НОТЗ 29-бабының 3-тармағы арналған, онда ерлi-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негiзінде құруға, отбасының игiлігi мен нығаюына жәрдемдесуге,өз балаларының денсаулығына, өсiп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндеттi екендiгi көрсетiлген.
Некеге тұру кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тек ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдап алады не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге тұрғанға дейінгi тегiн сақтап қалады, не өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосады. Егер ерлi-зайыптылардың біреуiнiң некеге тұрғанға дейінгi тегi қосарлас болса, тектердi қосуға жол берiлмейдi.Неке бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар ортақ тектi сақтауға немесе өздерiнiң некеге тұрғанға дейінгi тегiн қалпына келтiруге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет