1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


ерлі-зайыптылардың өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін



бет112/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
ерлі-зайыптылардың өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін (мысалы зайыбын күтіп бағуға қаражаттарды төлеу тәртібі мен мөлшері, олардың төлену ұзақтығы қандай да бір мән жайларға байланыстылығы),

  • бір бірінің кірістеріне қатысу әдістерін. Мысалы, куйеуі өзінің кәсіпкерлік қызметінің кірістерінің жартысын беруге міндеттенеді, ал әйелі күйеуіне алған дивиденттердің үштен бірін беруге міндеттенуі. Неке шартына аталған ережені енгізу ерлі-зайыптылардың бүкіл мүлкіне немесе оның бір бөлігіне (кірістерге) бөлек меншік режимі белгіленген жағдайда маңызды. Ортақ үлестік немесе ортақ бірлескен меншік режимі кезінде ерлі-зайыптылар ерекше келісімсіз ақ бір бірінің кірістеріне қатысады. Бірақ жекелеген кіріс түрлерінде қатысу тәртібі өзгертілуі мүмкін, мысалы, әйелі күйеуінің кәсіпкерлік қызметінің кірістеріне белгілі бір бөлікте ғана қатыса алуы (оннан бір, онбестен бір), ал қалған кірістерге ортақ тәртіп сақталады.

  • ерлi-зайыптылардың әрқайсысының отбасылық шығындарды көтеру тәртібін. Ерлі-зайыптылар отбасылық шығындарды көтеру үлестерін белгілеулері мүмкін, сондай-ақ қандай да бір шығындар түрлерін көтерудің өзге де тәртібін белгілеулері мүмкін. Мысалы, ортақ тұғын үйге төлемдер жасаумен байланысты шығындарды бір жұбай, ал азық-түліктерді алуды басқа жұбай көтеруі.

    • неке бұзылған жағдайда ерлi.-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті.

    • сондай-ақ неке шартында ер.-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелердi анықтай алады..

    НОТЗ неке шартын белгілі бір мерзімге не оны қандай да бір мән жайлардың орын алуына байланысты етіп қою мүмкіндігін береді (40-б. 2-т.).
    НОТЗ 40-б. 3-т. неке шартына енгізуге тыйым салынған ережелер тізімін белгілейді.
    1-ден, неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды. Мысалы, онда ерлі-зайыптылардың біреуіне немесе екеуіне де белгілі бір мәміле түрлерін жасауға тыйым салуды қамтуы мүмкін.
    2-ден, неке шарты ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды реттей алмайды. Бірақ аталған құқықтарды бұзғаны үшін бірқатар жағымсыз мүліктік салдарлар неке шартымен белгіленуі мүмкін.
    3-ден, неке шартында ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; өйткені балалар оған қатыса алмайды және қатыспайды. Балалар ата-аналық құқықтық қатынастың қатысушылары болады.
    4-ден, неке шарты еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды. Жалпы неке шартында алименттік қатынастар шешілуі мүмкін, бірақ ол еңбекке қабілетсіз мұқтаж адамның алиментті алуға деген заңды режимнің деңгейін төмендетпеуі тиіс. Онда алименке қатысты қосымша құқықтар мен міндеттер қамтылуы мүмкін. Мысалы, неке шартының негізінде еңбекке қабілетті, бірақ мұқтаж жұбай асырауға қаражат алуы мүмкін.
    5-ден, неке шарты ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының бастамаларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды. Жұбайды өте қолайсыз жағдайға қалдыру – оны құқықтардан айыруды және бір уақытта оған міндеттерді жүктеуді білдіреді. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысында өзара құқықтар мен міндеттер болуы қажет, және біреуісін құқықтардан айыру оны өте қолайсыз жағдайда қалдырады. Мысалы, ерлі-зайыптылардың біреуі , олар неке кезінде жинаған ортақ бірлескен меншікке толығымен меншік құқығынан айырылуы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   150




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет