1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет96/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Тақырып - 15
Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер



  1. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме ұғымы
    және оның мазмұны.

  2. Негізсіз байлықтарды заттай қайтару және құнын өтеу.

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.
Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме сол бір немесе өзге себептер бойынша тауарлармен ақылы эквиваленті алмасу бұзылатын, соның салдарынан жоспарланған, бірақ жүзеге аспаған қатынастардың қайсыбір қатысушысы қандай да бір материалдық игіліктерді басқа қатысушыларға негізсіз беретін, құқықтық қатынастардың теріс пиғылды қатысушылар басқа тұлғаның қандай да бір мүлкін жасырып қаатын немесе олардың котрагенті ретінде жоспарланған тұлғаның мүлкін пайдаланып қалу орайы келетін және т.б. кез келген жағдайларды пайда болады.
Осы аталғандар негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің пайда болуының мүмкін болатын жалғыз негіздері болып табылмайды. Негізсіз баю сондай-ақ субъектілер шартты қатынастармен байланысты болғанда шартқа қатысушылардың біреуінің немесе екеуінің салақтығы кездейсоқтыққа орай байыған тараптың немесе мүлікке деген құқытардың заңды иесінен басқа өзге субъектінің пиғылынан болатын жағдайларда орын алуы мүмкін.
Зандармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға ( сатып алушы), АК-тің 960-бабында көзделген жагдайлардан басқа ретте, негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті (негізсіз баю) алдыңғысына қайтаруға міндетті. Егер мүлік иеленіп алынған немесе жинақталған негіз кейіннен жоққа шыққанда да, жоғарыда аталған міндет туындайды. Осы тараудың ережелері негізсіз баю мүлікті иеленушінің, жәбірленушінің өзінің немесе үшінші тұлғалардың пиғылының нәтижесі не оқиғаның салдары болып табылғанына қарамастан қолданылады. Осы кодексте, басқа да заң актілерінде өзгеше белгіленбесе және тиісті қарым-қатынастар мәнінен өзгеше туындамаса, келесі ережелер:

  1. жарамсыз мәміле бойынша орындалғандарды қайтару
    туралы;

  2. меншік иесінің мүлікті бөгде бірудің заңсыз иеленуінен
    сұратып алуы туралы;

  3. міндеттемедегі бір тараптың екіншісі осы міндеттемеге
    байланысты орындалғандарды қайтару туралы;

  4. зиянды, оның ішінде байыған тұлғаның теріс пиғылының
    келтірілген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиіс.

Мүлікті иеленушінің негізсіз байлығын құрайтын мүлік жәбірленушіге заттай қайтарылуға тиіс. Мүлікті иеленуші баюының негізсіздігі туралы ол білгеннен немесе білуге тиісті болғаннан кейін болған, оның ішінде негізсіз иеленілген немесе жинақталған қандай болса да мүліктің кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жәбірленушінің алдында жауап береді. Бұған дейін ал тек жасырын ниеті мен өрескел абайсыздығы үшін ғана жауап береді. Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбірленушіге осы мүліктің оны алған кездегі нақты құнын өтеуі, сондай-ақ егер мүлікті иеленуші оның құнын баюдың негізсіздігі туралы білгеннен кейін дереу өтемесе, мүлік құнының кейінгі өзгеруі арқылы келтірілген шығындарды өтеуге тиіс. Басқаның мүлік не басқаның қызмет көрсетулерін негізсіз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетінсіз) адам жәбірленушіге пайдалану тоқтатылған кездегі және оның болған жеріндегі бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуте тиіс. Талаптарын беру арқылы немесе өзіне өзге де түрде тиесілі құқығын жоқ немесе жарамсыз міндеттеме негізінде басқа тұлғаға берген тұлга өзінің бұрынғы жағдайын қалпына келтіруді, оның ішінде берілген құқықты куәландыратын құжаттардың өзіне қайтарылуын талап етуге құқылы.
Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті қайтарған немесе оның құнын өтеген кезде мүлікті иемденуші өзі алған пайданы есептей отырып, кірісті қайтаруға өзі міндетті болған уақыттан бастап мүлікті ұстауға және сақтауға қажетті шығындарды өтеуді жәбірленушілерден талап етуге құқылы, ал соңғысы өз кезегінде сол талапты орындауға міндетті. Мүлік иеленушімен алған табыстар ол талап ететін шығындарды өтеудің есебіне кіруі мүмкін. Шығындарды өтеу құқығы мүлікті иеленуші қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстап қалған жағдайларда жойылады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеме ұғымы
    және оның мазмұны.

  2. Негізсіз байлықтарды заттай қайтару және құнын өтеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет