1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет104/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Тақырып - 18
Отбасы құқығы.Қайнар көздері және қағидалары.


1.Отбасы құқығының түсінігі, реттеу пәнi және әдiсi.
2.Отбасы қайнар көздері.
3.Отбасы құқығының принциптері және отбасы құқығындағы мерзімдер.


1.Отбасы құқығының түсінігі, реттеу пәнi және әдiсi.
Отбасы бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.
Мемлекет отбасы құқығы нормалары көмегiмен отбасындағы бар қатынастарды реттейдi, сондай ақ Отбасы заңдарында көзделген құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу шарттары мен тәртiбiн анықтайды. Реттеу пәнi отбасы құқығымен қандай қатынастар реттелетiндiгiн бiлдiрiредi.
Отбасы құқығының реттеу пәніне кіретін қатынастар НОТЗ 3-бабында анықталған. Осыған сәйкес неке-отбасы заңдары отбасы мүшелерінің: ерлi-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Бұл ережеден көрініп тұрғандай, заң шығарушы отбасы құқығның реттеу пәнін сипаттау үшін екі критериді пайдаланды. Біріншіден, араларындағы қатынастарды отбасы құқығы реттейтін тұлғалар шегі: бұл, ерлі зайыптылар, ата-аналар және балалар, ал отбасы заңдарымен көзделген жағдайларда және шекте басқа туыстар мен өзде де адамдардың арасында. Бірақ бұл критерии отбасы құқығының реттеу пәнін анықтау үшін жеткіліксіз. Айталық, әйелі мен күйеуі арасында әкімшілік қатынастар туындауы мүмкін, егер олар мемлекеттік қызметте болса және әйелі өзінің қызметтік жағдайына қарай күйеуіне бағынышты болса. Отбасы мүшелері арасында, егер олар бір ұйымда жұмыс істейтін болса, еңбек құқықтық қатынастары туындауы мүмкін және т.с.с. Сондықтан заң шығарушы бірінші критеримен қатар екіншісін де пайдаланды, яғни отбасы құқығы отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке сипатта болатын қатынастарды ғана реттейді. Бірақ, отбасы құқығының реттеу пәнінің шегін анықтау үшін бұл критерии де жеткіліксіз. Айталық, бір отбасыда тұратын ағасы мен інісінің арасында заем шарты жасасқан ретте отбасы мүшелері арасында мүліктік қатынастар туындайды. Бірақ ол отбасы құқығымен емес шарттық құқықпен реттеледі. Әкесі баласының денсаулығына зиян келтірген кезде де отбасы мүшеелері арасында мүліктік қатынастар туындайды. Бірақ ол отбасы құқығымен емес деликттік құқықпен реттеледі. Отбасының бір мүшесі басқа мүшесінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтер таратқан ретте мүліктік емес жеке қатынас туындайды, және ол отбасы құқығымен емес, жеке мүліктік емес құқықтар институтымен реттеледі және т.с.с. Сондықтан әдебиеттерде отбасы заңдары отбасы қатынастарын өзге құқықтық институттармен реттелетін қатынастардан ажыратуға мүмкіндік беретін сапалы материалды критерилерді қамтымайды деп айтылады. Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастардың ерекшелігі, бірінші кезекте, олардың пайда болу негіздеріне байланысты. Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар неке, туыстық бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық, балаларды тәрбиеге алу негізінде туындайды. Сондықтан отбасы құқығының реттеу пәніне неке, туыстық бала асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық, балаларды тәрбиеге алу негізінде туындайтын, отбасы мүшелері арасындағы немесе олардың қатысуымен болатын мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар ғана кіреді.
Отбасы мүшелері арасында қалыптасатын мүліктік емес жеке қатынастарға, бірінші кезекте, сүйіспеншілік, достық, сенімділік, өзарар сыйластық және т.б. қатынастары жатады. Мұндай мүліктік емес жеке қатынастарының ерекшелігі сол, олар құқық тарапынан ықпал етуге жатпайды және олар мораль нормаларымен реттеледі. Моральдық-дептік нормаларды құқық нормаларында қайталау еш мәні жоқ және қандай да бір қосымша тиімділік бермейді. Айталық, НОТЗ 29-бабының 3-тармағында, «ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп жетілуіне және олардың әл-ауқатты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті» деген моральдық норма белгіленген. Мемлекет өзінің күшімен ерлі – зайыптыларды өзара сыйластық және өзара көмек негізінде қатынастарын құруға мәжбүрлей алмайды. Сондықтан бұл бұл ереже бұрынғысынша мораль ережесі және, тіпті құқықтық актіде белгіленсе де ол құқық нормасының күшін иеленбейді.
Қазіргі таңда отбасыдағы қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі сол, отбасыда маңызды қоғамдық-экономикалық мәні бар, мүліктік сипаттағы қатынастар орын алуда және олар жалпы қоғамның экономикалық мүдделерімен байланысты. Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке қатынастар болса, олар мүліктік қатынастармен байланысты болғандықтан жне оларға белгілі бір ықпал ететіндіктен мемлекетпен реттеледі. Сондықтан отбасы аясында мүліктік қатынастарды құқықтық реттеуге басты назар аударылады.
Отбасы қатынастары тыйым салу, рұқсат беру және мiндеттеудi қамтитын нормалармен реттеледi /реттеу әдiстерi/. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеуге келесi ереже тiкелей қатысты: "заңмен тыйым салынбағаннның барлығы рұқсат етiлген" .
Отбасы құқығы туралы мәселе әрқашан даулы сипатта болатын. Бір авторлар отбасы құқығын дербес құқық саласы ретінде қарастырса, басқалары оны азаматтық құқықтың бір институты ретінде қарастырады.
Отбасы құқығы 1-ден ғылымның бiр бағыты ретiнде, 2-ден жеке құқық саласы ретiнде , 3-ден заңнаманың бiр саласы ретiнде қарастырылады. Ғылым ретiнде отбасы құқығы құқық нормалардың ықпалында болатын отбасында жүретiн процестердi зерделеуге, адамның жеке өмiрi аясындағы әрекеттердi, мiнез құлықтарды басқарудың тиiмдi әдiстерiн iздеу және табуды қарастырылады. .Құқық саласы ретiнде - бұл отбасыны құруға немесе отбасылық құқықтық қатынастарды белгiлеуге ниеттелген тұлғаларға бағытталған мемлекеттiң ережелерiнiң жиынтығы. Отбасы заңнамасы-неке және отбасы туралы заң /НОТЗ/ және басқа нормативтi актiлер-мемлекет отбасы қатынастарын қалай реттейтiндiгiн анықтайды.
Отбасы қатынастарын реттейтiн құқықтық нормалардың жиынтығы ретiнде отбасы құқығы - мазмұны, мәнi, нысаны бойынша әр түрлi құқықтық ерелержелерден тұрады.Олардың бiрiн материалды , екiншiлерiн процесуалды ретiнде қарастыруға болады. Сондай ақ әкiмшiлiк құққықтық сипаттағы нормалар да бар.
Отбасы құқығының материалды нормалары қатарына мысалы, некеге тұруға кедергi келтiретiн мән-жайларды белгiлейтiн НОТЗ 11-бабы, некенi жарамсыз деп тануды белгiлейтiн НОТЗ 24-бабы, "ер-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатындығын белгiлейтiн" НОТЗ 32-б 1-т.және т.б. Материалды сипаттағы отбасы-құқықтық нормалар отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiмен тығыз байланысты.
Процесуалды құқықтық нормалар құқықты кiм және қалай жүзеге асыратындығын белгiлейдi. Олардың бiрi , азаматтық процесс шегiнде жұмыс iстейтiн,соттар үшiн, басқалары әкiмшiлiк процесс талаптарын басшылыққа алатын АХАЖ, қамқоршылық және қорғаншылық органдары үшiн арналған. Мысалы сот некенi бұза отырып НОТЗ 21-бабын басшылыққа алады. Осы сияқты нормалар НОТЗ-да көп.
Отбасы құқығы нормаларының ерекшелiктерiнiң бiрi, олардың жалпы қабылданған мораль нормаларымен тығыз байланысты болуы. Отбасы құқығы нормалары белгiлi бiр дәрежеде тәрбиелiк ролi бар. Отбасы құқығының ерекшелiктерi оның нормалары арқылы байқалады.
2. Отбасы қайнар көздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет