Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер (Ыбырай Алтынсарин). Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. 25.09.2019 ж. - 6.10.2019 ж.аралығында өтікізілетін «Ұстазға тағзым» атты апталығынының іс-шара жоспарына сай шаралар өткізілді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тақырыбында ардагер ұстаздардың қатысуымен ашық тәрбие сағатын өткізілді. «Менің алғашқы ұстазым» мәнерлеп оқу сайысы 8-10 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиті және орыс тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті. «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты сынып сағаттары 1-11 сыныптар арасында өтті. 21 мамыр «Қош бол, Бастауыш мектебім!» атты 4 - сыныптарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ата-аналар комитетінің төрайымы, қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі қатысты. Мерекелік іс-шараға оқушылар флешмоб, хор, ән мен би көрсетті. 25 мамыр күні «Болашақ жастардікі» тақырыбында соңғы қоңырау соғылды. 2019-2020 оқу жылында жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушыларды мектеп директоры Буркулова Ж.А марапаттады. Шымкент қаласының білім басқармасы 2019-2020 оқу жылының түлектеріне арналған бітіру кешін «Болашақ жастардікі» тақырыбында өткізу туралы Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2020 жылғы №10-06-03/4117/2 бұйрығын негізге ала отырып:Түлектерге арналған іс-шараны өткізу туралы шешімді мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитетімен бірлесе отырып қабылдап, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы салтанатты жиында іске асырылды. Бітірушілерге аттестатты салтанатты түрде табыс ету 2020 жылғы 12 маусым күні ұйымдастырылып, өткізілді. Салтанатты іс-шараға педагогика саласының ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, түлектердің ата-аналары, қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты. «Алтын белгі»,үздік аттестат иегерлерін дәріптеу арқылы білімді ұрпақ идеясы насихатталды.
07.03.20ж «Діни экстремизмнің, керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу» мәселесі бойынша Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының, дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Рысбеков Кенжебек Төребекұлы орын алған Шымкент қаласындағы секталар жайлы айтты. 07.03.20.жыл күні Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі кездесуге жиылғандарды күн тәртібімен таныстырып, Дін және патриотизм — теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында видеоролик тамашалауды ұсынды.
Бейне ролик біткен соң Байзақова Сабира оқушыларға көрсетілген бейне таспа бойынша және де туындап жүрген сұрақтар бойынша, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» дінтанушы маманы Халықов Медетпен сұхбат жүргізді, сұхбат барысында ол қазіргі уақытта жастар интернет арқылы әр түрлі теріс пиғылды іс-әрекеттерді көріп еліктеп жатқанын айтты. Көрсетілген видео роликтегі кейіпкерлердің теріс пиғылды ағымда қандай халге дұшар болғанын ескертіп, оқушыларды діни сауаттылыққа шақырды. Сонымен қатар, Дін дегеніміз не?, Қоғамдағы дін ұғымы?, Секта дегеніміз не?, Жастардың керағар ағымдарға кіру себептері? - деген сұрақтар қойып жастардың ой-пікірлерімен бөлісті. Мектеп-лицей директоры Ж.А.Буркулова бүгінгі қозғалып жатқан мәселе « Дін және патриотизм— теріс пиғылды діни ағымдар мен экстремизмнің алдын алу» көп жастарымыз діни сауатсыздықтан әр түрлі ағымдар мен секталардың айдауына түсіп жатқаны барлығымызға белгілі. Сол себепті бүгінгі ішкі саясат бөлімінің мамандарының жүргізіп жатқан үгіт- насихаты жұмыстары жастарды осындай теріс пиғылды керағар ағымдардан, секталардан, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, астарды діни сауаттылыққа шақыру екендігін айтып, кездесу қонақтарына үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жалғастыруына сәттілік тілеп алғыс білдірді. «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және суицидке жол бермеу, зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сала мамандарымен жыл бойында бірлесіп өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар :Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атамекен» арнайы жобасының «Жомарт жүрек» белсенді азаматтар мен демеушілерді, бизнес-құрылымдарды, кәсіпкерлерді туған жеріндегі өз мектептерін дамыту ынталандыру аясында меценаттық дамыту жобасының кіші бағдарламасының іс-шара жоспары жасалып, бекітіліп, іс-шара жоспары негізінде іс-шараларды ұйымдастырылып өткізілді .