1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет23/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1414557800387
24-нұсқа

1. Диалект сөзді табыңыз

А) Делдал, нарық

В) Ашық, мұрат

С) Дулыға, садақ

Д)* Сым, кепеш

Е) Қыз, көз
2. Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз

А) Жіңішке, ашық

В)* Жуан, жіңішке

С) Ашық, қысаң

Д) Жуан, ашық

Е) Еріндік, езулік


3. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын әріпті белгілеңіз

А)* Ц


В) Ю

С) Х


Д) И

Е) Я
4. Дерексіз зат есімді белгілеңіз

А) Оқушы

В)* Ой


С) Бала

Д) Ағаш


Е) Кітап
5. Есімдікті табыңыз

А) Қызыл, көк

В) Белсенді

С)* Сонау, мына

Д) Бәрекелді, пәлі

Е) Әрине, мүмкін


6. Одағай сөздің мағынасын анықтаңыз

Бүгінгі дос - ертең жау, мен не қылдым, япырмау?

А) Аяу

В) Шаттану



С)* Қапалану

Д) Қуану


Е) Шақыру
7. Кезектестік қатынасты білдіретін жалғаулықтарды табыңыз

А) Да, де

В) Арқылы, не

С)* Бірде, біресе

Д) Ақ, сынды

Е) Мыс, міс


8. Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз

А) Біліміне таңғалды

В) Әнді тыңдады

С) Кеше келді

Д)* Бесінші сынып

Е) Көп ойланды


9. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алған жылын белгілеңіз

А) 1991ж


В) 1990ж

С) 1987ж


Д)* 1989ж

Е) 1986ж
10. Синонимдік қатарды көрсетіңіз

А) Қанды ауыз, ашушаң

В)* Ат төбеліндей, азын-аулақ

С) Көкпар тарту, атқа шабу

Д) Тұңғыш, орташа

Е) Арып-талып, асығып
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

А) хат-хабар

В)* Аза бойы қаза болу

С) Ішкен ас

Д) Қиғаш қас

Е) Қай уақыт


12. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды көрсетіңіз

А)* Әдемі қыз

В) Қаратау маңы

С) Әр адам

Д) Текшетас тауы

Е) Қай уақыт


13. Төменгі үй – сын есім түрін белгілеңіз

А) Сапалық

В) Күрделі

С)* Қатыстық

Д) Негізгі

Е) Салыстырмалы


14. –ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жіктеліп қай райды жасайтындығын көрсетіңіз.

А) Ашық рай

В)* Қалау рай

С) Шартты рай

Д) Бұйрық және ашық

Е) Бұйрық рай


15. Мөлшер үстеуді тіркесті көрсетіңіз

А) Бандылар қасқырша кезіп, елдің үрейін алды

В)* Соншалық үлкен

С) Құс жоғары ұшты

Д) Амалсыздан көндім

Е) Әңгіме әбден қызық болды


16. Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз

А)* Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын

білдіреді

В) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем

С) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем

Д) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем

Е) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем
17. Күрделі бастауышты табыңыз

А) Шабан атқа жер шалғай

В) Ілбіген де ілгерілейді

С) Қолы шебер еді

Д)* Еңбек еткен – ер атанар

Е) Есепсіз есесін жібермейді


18. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз

А) ниет болса, бәрі бітеді

В) Сөз жоқ, тәртіпке шақыру керек

С) Қыз өссе, елдің көркі

Д)* Қызым, саған айтам

Е) Меніңше, тауып айтты


19. Төл сөзді сөйлемді табыңыз

А) Осы алаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық

В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті

С)* «Табылған ақыл, Мұқа!» - деп, Жарқын айналасына қарады

Д) Күрең ат – Бөжейдің қыс мінетін аты

Е) Тәртіп бойынша, мен сіздерге есеп беруге міндеттімін


20. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз

А) Балаға

В)* Татулық

С) Әңгіме

Д) Ыдыс-аяқ

Е) Ендігәрі


21. Қысқарған сөзге қосымша қосылғанда қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз

БҰҰ(ның) құрамына кіргеніміз – үлкен абырой

А) Үтір

В) Сызықша

С) Көп нүкте

Д)* Дефис

Е) Қос нүкте
22. Анықтауыш қызметіндегі еліктеу сөзді табыңыз

А) Наган шаңқ етті

В) Жүрегім зу ете қалды

С) Ырғалып қарға қаңқ етті

Д)* Ол тарс-тарс ете қалған дауысты естіді

Е) Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ етті


23. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Өзіңе қарай дос таңда

В)* Оған келуге болмайды

С) Ол - әкесінің шаңырағының иесі, мұрагері

Д) Әкесі мен шешесін кенже ұлы асырайды

Е) Ыстық асты үрлеме


24. Бағыныңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз

Бұл кезде түн ортасы ауып, таң сәрісі таянып қалған еді

А) Етіс арқылы

В) Есімшелі сөз

С)* Көсемшелі сөз

Д) Ортақ етіс

Е) Туынды етістік
25. Сөйлемде қойылмаған тыныс белгісін табыңыз.

Үйде шешен дауда жоқ.

А) Үтір, қос нүкте.

В)* Үтір, сызықша

С) Сызықша

Д) Қос нүкте

Е) Нүктелі үтір



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет