1. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз



бет24/25
Дата26.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#114815
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
1414557800387
25-нұсқа

  1. Диалект сөзді табыңыз.

А)* Құдағай

В) Құдаша

С) Бөле

D) Абысын

Е) Нағашы


  1. Қысаң дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Жеке

В)* Күлкі

С) Бала

D) Керуен

Е) Жарық


  1. «Жолсерік» сөзіндегі буын санын анықтаңыз.

А) 1

В)*3


С) 5

D) 4


Е) 2


  1. «Белбеу» сөзін қай қатарға жатқызамыз, дұрысын көрсетіңіз.

А)* Біріккен сөз

В) Дара сөз

С) Тіркесті сөз

D) Қысқарған сөз

Е) Қос сөз


  1. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) Алысар

В) Отырыңыз

С) Жапты

D)* Келгендер

Е) Келісер


  1. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.

А) Ана, мына

В)*Күллі, барша

С) Ата-ана

D) Ақылды, мейірлі

Е) Шөре-шөре, кіш-кіш


  1. Бастауыш қай сөз табынан болып тұрғанын көрсетіңіз.

Сыбдыры, тықыры естіледі.

А) Етістік

В) Есімдік

С)* Зат есім

D) Сын есім

Е) Етіс



  1. Есім сөз бен көмекші етістіктен жасалған тіркесті табыңыз.

А)* Ауылдан екен

В) Оқып бара жатыр

С) Есіп шығару

D) Кеше жолықты

Е) Үй сайын


  1. Төмендегі өлең жолдарының авторын анықтаңыз.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

* А) А.Құнанбаев

В) М.Мақатаев

С) М.Шаханов

D) А.Байтұрсынов

Е) Қ.Мырзалиев




  1. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А) Бет алды сөйлеме

В) Бет жыртысты

С) Бет пердесі ашылды

D)* Әйгерімнің беті аппақ

Е) Бет моншағы төгілді


  1. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)* Өкшелес, тетелес

В) Бұлақ, өзен

С) Сұлу, сыпайы

D) Әркім, әркез

Е) Арба, машина


  1. Орфоэпиялық заңдылық бойынша жазылған сөзді табыңыз.

А) Әңгімеңді айтып бол

В) Қой қораға қамалды

С) Шопан үйге келді

D)* Қара ғазан, сары бала ғамы үшін қылыш серместік

Е) Өзен жағасы – қалың қамыс
13. Қатыстық сын есімнің анықтамасын табыңыз.

А) Заттың сынын білдіретін сын есім

В)*Заттың белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын

есім


С) Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын

есім


D) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық екендігін

білдіретін сын есім

Е) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық я кемдігін

салыстыратын сын есім




  1. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.

А) Алса екен, естігей еді

В) Келсе игі еді

С)*Келіңдер, келсін

D) Келермін, бара жатырмын

Е) Барсам, болса


  1. Күрделі үстеуді табыңыз.

А)* Ендігәрі

В) Бұрын


С) Жорта

D) Төмен


Е) Тез


  1. Атау септігіндегі сөзбен тіркесіп келетін септеулікті көрсетіңіз.

А) Кейін, бұрын, гөрі

В) Қатар, секілді, тарта

С) Бірге, дейін, қарай

D)* Шамалы, үшін, туралы

Е) Шейін, таман, соң


  1. Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз.

Бұл мәселемен өзгелер айналыссын.

А) Бұйрық райдың 1-жақ жекеше түрі

В)* Бұйрық райдың 3-жақ көпше түрі

С) Бұйрық райдың 2-жақ жекеше сыпайы түрі

D) Бұйрық райдың 2-жақ көпше сыпайы түрі

Е) Бұйрық райдың 2-жақ көпше түрі




  1. Бірыңғай мүшені анықтаңыз.

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр.

А) Бастауыш

В) Пысықтауыш

С)* Баяндауыш

D) Толықтауыш

Е) Анықтауыш




  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А)* Рас-ау, Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?

В) Рас-ау, Абай аға - тағы бір байқағанымды айтайын ба?

С) Рас-ау - Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?

D) Рас-ау Абай аға, тағы бір - байқағанымды айтайын ба?

Е) Рас-ау Абай аға, тағы бір байқағанымды айтайын ба?


  1. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

А) Техника

В) Шекара

С) Шеше

D)* Шөлейт

Е) Аққу


  1. Қате жазылған сан есімді анықтаңыз.

А) 21-том

В)* ХХІ-ғасыр

С) 30-40

D) ІХ сынып

Е) 10-сынып


  1. Толымсыз сөйлемнің ерекшелігін көрсетіңіз.

А)* Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіріліп айтылады

В) Ойға қатысты сөйлем мүшелері толық қатысады

С) Сөйлем мүшесінің бәрі қатысады

D) Іс-оқиғаның атауы ғана болады

Е) Тек тұрлаулы мүшелер қатысады


  1. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)* Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге

мұншалықты ұзын алқапта, әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген

емес

В) Міне, біз де келдік. Кеш те басталды.



С) Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет.

D) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез

суалар

Е) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді




  1. Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.

Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген

болатын.

А) Тырнақша, үтір, сызықша

В) Қос нүкте, сызықша, леп белгісі

С)* Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша

D) Қос нүкте, тырнақша

Е) Сызықша, қос нүкте, тырнақша




  1. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

А) «Тарақ» деген сөздегі та буыны, ашық буын

В) «Тарақ» деген сөздегі та» буыны - ашық буын

С)* «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны - ашық буын

D) «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны: ашық буын

Е) Тарақ деген сөздегі та буыны - ашық буын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет