8-тапсырма. Төменде көрсетілген тілдердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ескере отырып, кестені толтырыңыз.
Тілдердің түрі
|
Өзара ұқсастықтары
|
Айырмашылықтары
|
Қазақ-балкар
|
…
|
…
|
Қазақ-ағылшын
|
…
|
…
|
Қазақ-орыс
|
…
|
…
|
9-тапсырма. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтып беріңіз.
6-сабақ
Етістіктің болымсыз түрі
(отрицательная форма глагола)
Отрицательная форма глагола образуется путем присоединения к исходной форме суффиксов –ба/-бе, –па/-пе, –ма/-ме. Фонетические варианты суффиксов определяются законами сингармонизма, отрицательные суффиксы пишутся вместе с тем словом, к которому относятся.
Основа оканчивается на
|
Отрицательная форма повелительного наклонения
|
1 .гласные
-ма/ -ме
2.сонорные р,л,й
|
оқы «читай»
сөйле «говори»
отыр «сиди»
ал «бери»
қой «положи»
|
оқыма «не читай»
сөйлеме «не разговаривай»
отырма «не сиди»
алма «не бери»
қойма «не клади»
|
1- тапсырма. Етістіктердің болымсыз түрін жасаңыз.
Көру «видиеть», қарау, алу, беру, әкелу, бару, салу «положить», ойнау «играть», ойлау «думать».
Основа оканчивается на
|
Отрицательная форма повелительного наклонения
|
1 .звонки согласные (кроме б,в,г,д)
-ба/-бе
2.сонорный м, н , ң
|
жаз «пиши»
сен «верь»
көн «повинуйся»
|
жазба «не пиши»
сенбе «не верь»
көнбе «не повинуйся»
|
2-тапсырма. Үлгі: төзу «терпеть» - төз «терпи» - төзбе «не терпи». Үлгі бойынша тапсырманы орындаңыз.
Жану «гореть», озу «обогнать», жеңу «победить», созу «тянуть», сөну «гаснуть», сезу «чувствовать», таңу «завязывать», тоңу «мерзнуть».
Основа оканчивается на
|
Отрицательная форма повелительного наклонения
|
1 . глухие согласные
-па/-пе
2.звонкие б, в, г, д
|
айт «скажи»
аш «открой»
көш «переезжай»
|
айтпа «не говори»
ашпа «не открывай»
көшпе «не переезжай»
|
3-тапсырма. Үлгі: ашу «открывать» - аш «открой» -ашпа «не открывай».
Кесу «резать», кету «уходить», қашу «убегать», жату «лежать», жету «достигнуть», басу «давить», төгу «выливать», қосу «прибавить», көшу «переезжать».
4- тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.
Қарағанды мемлекеттік
индусриялық университеті
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті профилді инженерлік кадрлар дайындайтын Қазақстандағы ірі оқу орындарының бірі, 1963 жылы ашылған. Бүгінгі күнге дейін ҚМИУ 16 мыңнан астам жоғары кәсіби білімі бар бакалаврларды дайындап шығарды.
ҚМИУ 16 кафедрадан тұратын жоғары оқу орны. Оларды 5 ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер басқарады.
ҚМИУ -3700 студент оқиды. Осы 3700 студенттің ішінде 700-ге жуығы мемлекеттік білім грантымен оқиды.
ҚМИУ әлемдік және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазіргі заман құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректоры – профессор, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық және Ұлттық инженерлік Академиялардың корреспондент - мүшесі Найзабеков Абдрахман Батырбекұлы.
ҚМИУ қарамағында 4 факультет /металлургиялық, машина жасау және автоматтандыру, экономика және құрылыс, сырттай оқу .
Университетте қазіргі заман талабына сай кітапхана жұмыс істейді, оның қорына 281 мыңнан астам оқулық , оқу- әдістемелік құрал, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі ғылыми әдебиеттер кіреді.
Университет 16 мамандық бойынша жоғары кәсіби білімді бакалаврлар дайындайды. ҚМИУ мамандықтары:
Экономика
Менеджмент
Есеп және аудит
Автоматтандыру және басқару жүйелері.
Тау-кен ісі
Металлургия
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Машина жасау
Көлік, көлік техникасы және технологиясы
Жылу энергетикасы
Электроэнергетика
Органикалық заттардың химиялық технологиясы.
Технологиялық машиналар және құралдар
Құрылыс
Өмір сүрудің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау.
Стандарттау, метрология және сертификаттау.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.ҚМИУ-де қанша кафедра бар?
2. ҚМИУ-де қанша студент оқиды?
3.Университетте қанша факультет бар?
4.Университет қандай мамандар даярлайды?
Достарыңызбен бөлісу: |