Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси жүйе мынандай институттардан тұрады:
1.Мемлекеттік пен оның ұйымдары: мемлекеттік өкіметті бейнелейтін және мемлекет басқаруды іске асыратын ұйымдар.
2.Мемлекеттік емес топтасқан ұйымдар құрылымы: саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.
3.Әртүрлі әлеуметтік құрылымдар негізінде іске асырылатын саяси қарым-қатынастар. Кооперативтік ұйымдар, әлеуметтік топтар.
Саяси жүйенің негізгі белгілері - осы жүйедегі саяси тәртіп болып табылады, яғни билік түрі. Саяси биліктің негізгі екі түрін атап көрсетуге болады: демократиялық, антидемократиялық.
Саяси билікті танытатын объективті факторлар мыналар:
1.Өкілетті мекемелерді қалыптастыру әдісі және тәртібі.
2.Заң шығару және атқару органдарының, орталық және жергілікті орындардың қарым-қатынасы.
3.Саяси париялар мен ауқымды қозғалыстар қызметінің мәні мен шарттары.
4.Жеке адамның құқық статусы,құқықтық іске асу кепілдігі.
5.Жазалау және құқық қорғау органдарының қызмет істеу тәртібі.
6.Рұқсат ету және етпеу мазмұны
7.Саяси қоғамның тұрақтылығы.
53.Саяси дағдарыс түсінігі, кезеңдері мен функциялары
Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.
Саяси дағдарыс өз дамуында бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді:
қоғамның немесе саяси жүйенің дағдарыс алдындағы жағдайы;
өкіметтің қоғам алдындағы мәселелерді саяси құралдармен шеше алмауға қабілетсіздігін көрсететін дағдарыстың туындауы;
дағдарыстың дамуы, әрі шиеленісуі.
Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар:
1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді);
2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы);
3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).
54.Қазіргі жаһандық мәселелер және олардың саяси шешу жолдары
55.Саяси жүйенің типтері мен функциялары (Р.Арон, У.Ростоу, Г.Алмонд, Ж.Блондель)
саяси жүйелердің түрлі типтерін салыстыруға, бұл өз кезегінде әр түрлі елдердегі саяси жүйелердің даму ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді, әлеуметтік дағдарыстар мен саяси шиеленістердің себептерін анықтауға, оларды реттеудің тәжірибесін зерделеуге;
Саяси жүйенің қосалқы жүйелері
Нормативтік саяси құқықтық моральдық нормалар әдет-ғұрып дәстүрлер рәміздер
Комуникативтік биліктің қоғамның және индивидтің өзара іс-қимыл формасы
Институцияналдық мемлекет партия қысым топтары бұқаралық ақпарат құралдары
Мәдени құндылықтар жүйесі дін, діл туралы тұрақты түсініктердің жиынтығы ойлау бейнесі сипаты және әдеті
56.Анархизм идеологиясының бағыттары және мәні, негізгі идеялары.
Анархизм (ежелгі грек тілінен. адамның адамды мәжбүрлі басқаруы мен билігінің қажеттілігі
Белгілі бір мәселелер бойынша жиі алшақтайтын анархизмнің көптеген әртүрлі бағыттары бар: кішігірімнен іргеліге дейін (атап айтқанда, жеке меншікке, нарықтық қатынастарға, этно-ұлттық мәселеге көзқарастарға қатысты).
Анархистер өзін-өзі басқаруды жақтайды, яғни жұмыс орнында, тұрғылықты жерінде және т.б. өз өмірі мен жұмысын басқаратын азаматтардың тәуелсіз жиналыстары жүйесін жақтайды.
Анархистер кейбір адамдарды басқалармен басу пайдалылығын және басқаларға қатысты қоғамдық процеске қатысушылардың кейбірінің артықшылықтарын жоққа шығарады, мемлекеттік мәжбүрлеудің кез келген тетіктерін жеке адамдардың еркін ынтымақтастығымен ауыстыруды ұсынады. Анархисттердің пікірінше, әлеуметтік қатынастар әрбір қатысушының жеке мүддесіне, ерікті келісіміне және жауапкершілігіне негізделуі керек.
Биліктің мәжбүрлеу формаларын жоюға анархисттердің көзқарасы анархизмнің нақты ағымдарына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Осылайша, кейбір бағыттардың анархистері тек саяси мәжбүрлеуді ғана емес, сонымен қатар еңбек, неке немесе мал шаруашылығы қатынастарын да қарастыра алады [3]. Анархисттердің басқа түрлері өз кезегінде тек мемлекеттік мәжбүрлеуге қарсы тұрады.
57.Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.
Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:
Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.
Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.
Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.
Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.
Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.
Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.
Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері
Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:
Саясилану;
Персонификация;
Идеологизация;
Институционализация.
Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:
отбасы;
дос, жолдастар;
мектеп;
БАҚ;
саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.
Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.Ал қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді.
58.Д. Истон, Г. Алмонд, К.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
Американдық саясаттанушы Д. Истон жүйелі әдістің көмегімен саяси жүйені индивидтер мен топтар өздері мойындаған әлеуметтік рөлдер шегінде жүзеге асыратын, ақырғы нәтижесінде қоғам мүшелері арасында қақтығыстарды болдырмауға септігі тиетін, қоғамдағы құндылықтарды (материалдық және рухани) сенімді бөлуге бағытталған өзара әрекет ретінде айқындайды. Саяси жүйенің аталмыш түсіндірмесінде билік оның негізгі атрибуты ретінде көрініс береді. Американдық саясаттанушы Г. Алмонд, құрылымдықфункционалдық тәсілдеме тұрғысынан, саяси жүйені мемлекеттік институттар ғана емес, қоғамның барлық құрылымдары жүзеге асыратын рөлдер мен өзара іс-қимыл жиынтығы ретінде анықтайды Саяси жүйе теориясын ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары американдық саясаттанушылар Д. Истон, Г. Алмонд, Р. Даль, К. Дойч және т.б. (7-сурет) қалыптастырды.13 Г. Алмонд атап өткендей «жүйелер парадигмасы» «XVIIIXIX ғғ. саяси ғылымда үстемдік құрған биліктің бөлінуі парадигмасының орнына келді».14 Экономикадан, әлеуметтанудан және кибернетикадан алынған жүйелі тәсілдеме идеялары саяси жүйе тұжырымдамасының негізін құрады. «Саяси жүйе» түсінігін кеңірек теориялық тұрғыдан жалпылау қажеттілігі осындай тұжырымдаманың пайда болуы мен таралуының негізгі себептерінің біріне айналды. «Саяси жүйе» түсінігін енгізу саясатты институттандырудың формальды (ресми) құрылымдары көзқарасы тұрғысынан ғана емес, олардың өзара ара қатынасы көзқарасы тұрғысынан да талдап, саясаттың дербес сала ретіндегі біртұтастығын түсінуге жол ашты. Осы сынды тәсілдеме жүйенің тұрақтылығы мен өзгермелілігін қамтамасыз ететін факторларды анықтауға көмектесті.
59.Демократиялық саяси тәртіп: анықтамасы,белгілері, түрлері
“Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты.
Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі,
қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим»
деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі
демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары
бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды,
қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне
мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын
құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны -
мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы
қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? – деген сұрақ.
Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар
сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді
немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл
шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз
мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда
қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік
биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі
жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты
орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз –саяси
билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның
саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам
мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл
режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады.
60.Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесінің даму тенденциялары.
Халықаралық қатынастар өз мазмұны бойынша төмендегіні бейнелеп көрсетеді: 1) универсализацияның қагидатына сәйкес халықаралық қатынастарды жаһандату үрдісі; 2) халықаралық қатынастар субъектілерінің санының өсуі; 3) әлемнің күрделенуі, өркениет жанжалдарының көбеюі жэне жаңа ұрпақ қайшылықтарының өсуі; 4) құрал-жабдықтарды түрлендіру, тарихи үрдісте мемлекеттің рөлін өзгертетін үлттық мемлекеттердің халықаралық қызметінің әдістері; 5) қазіргі мемлекеттердің ішкі жэне сыртқы саясат арасында өзара байланыстардың ауқымдарының көбеюі жэне т.б. Белгілі француз зерттеушісі М. Мерль, кандайда бір қатынастар халықаралық қатынастарга жатар-жатпасын көрсететін белгіні ұсынды жэне оны «оқшау бөлігінің белгісі» деп атаган. Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.[1]
61.Қоғамның саяси жүйесіндегі жеке тұлғаның құқығы, еркіндігі,міндеттері,жауапкершіліктері
қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. оғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды. Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде- мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы»,- дейді.
62.Демократия транзит теориясы.Демократияның үшінші толқыны
Достарыңызбен бөлісу: |