84.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет.ҚР құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады.
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгітнасихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
)) Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық көрінеді деп айтуға болады.
Қазіргі күнде баршамыз еліміздегі демократияландыруды жеделдету үшін тұрақтылықты, құқықтық мемлекетті жəне қоғамдық келісімді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қоғамдық тұрақтылық, заңның үстемдігі, ұлтаралық жəне конфессияаралық келісім, сондай-ақ Қазақстанның жаңа геосаяси рөлі мен жауапкершілігі демократиялық өзгерістердің тиімділігінің кепіліне, оның басты өлшемдеріне айналмақ. Осы тұрғыдан келгенде біздің мемлекетіміз өскелең уақыт талабын тереңнен ұғынып, демократиялық кезеңдердің жаңа көкжиектеріне зерделі таныммен бет бұрды деуге негіз бар. Оның белгілі көрсеткіштерінің бірі құқықтық мемлекет болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тəжірибесі мен дамуы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси деңгейімен, қоғамдық құқық сезіне алушылығымен, ұлттық жəне тарихи салт-дəстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі — аталған мемлекеттің бар болуы.