D) санкция
E) диспозиция
5.Билікті бөлу жүйесіне қатысты дұрыс дәйектерді табыңыз.
І. Министрліктер атқарушы билік жүйесіне жатқызылады.
II.Үкімет сот билігін басқарады.
III.Үкімет мүшелерін халық сайлайды
IV.Заң шығарушы орган - Парламент деп аталады
A) I, II
B) II, III
C) III, IV
D) II, IV
E) I, IV
2&&&
Қазақстанда бес Конституция болғанын айта кетейік.
Қазақ Автономиялық
Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) бірінші Конституциясы 1926
жылы қабылданған. 1937 жылы Қазақ КСР-інің екінші Конституциясы
қабылданды. 1978 жылы Қазақ КСР-інің үшінші Конституциясы қабылданды.
Тәуелсіздік
алғаннан кейін, 1993 жылы 28
қаңтарда Қазақстан
Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында
қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
1993 жылғы Конституцияда негізінде парламенттік
республиканың моделі
болды. Конституция Қазақстан тәуелсіздігін бекітті. Бұл акт тәуелсіздіктің
бірінші жылдарының қиындығы мен қайшылықтарын көрсетті.
Бір жағынан,
Конституция нарықтық экономика мен демократиялық мемлекет қалыптастыру
үшін заңды негіздер құрды. Екінші жағынан,
заң шығарушы мен атқарушы
биліктің өкілеттілігі туралы мәселені шешпеді. Сондықтан биліктің жоғарғы
органдары дағдарысқа ұшырады. Ал қоғамда
әлеуметтік тұрақсыздық орын
алды.Конституция мемлекеттік тіл, жерді жекеменшікке иелену мен азаматтық
туралы мәселелердің шешімін бермеді. Осы жағдайлар 1995 жылдың 30
тамызында бүкілхалықтық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясын
қабылдауға түрткі болды.
Басқарудың президенттік формасы бекітілді.
Президент биліктің барлық
тармақтарына билік етеді, осы себептен де еліміз тұрақтылық пен бейбітшілікте
ғұмыр кешуде. Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің
мемлекеттік те, жеке де түрін мойындайды. Елімізде
мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілі қабылданған. Сонымен қатар қазақстандық халық көпұлтты екендігін
ескерсек, билік органдары мен мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін қолдануға
Конституциямен рұқсат етілген.
1.Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданған
жылын анықтаңыз
A) 1926 ж.
B) 1937 ж.
C) 1978 ж.
D) 1993 ж.
E) 1995 ж
.