1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары



бет57/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112
Байланысты:
дәріс

Сот талқысының бөлімдері. ҚР АІЖК 175-бабына сәйкес, азаматтық істерді сотта қарастыру сот мәжілісінде жүзеге асады, белгіленген міндеттерге жету азаматтық іс жүргізу құқығының барлық қағидаларын, азаматтық процессуалдық нормаларды қатаң түрде сақтау жағдайында жүзеге асырылады. Бұл сатыны жүзеге асырылатын әрекеттердің көлемі бойынша: әзірлеу бөлімі; істің мән-жайларын зерттеу және істі негізі бойынша қарау; соттық жарыссөз, прокурордың қорытындысы; сот шешімін қабылдау және жариялау бөлімдеріне бөледі.
Сотта іс қарауды әзірлеу бөлімі істі негізі бойынша қарастыру үшін бағытталған процессуалдық әрекеттердің жүйесін құрайды. ҚР АІЖК сот мәжілісінің әзірлеу бөлімін жүргізу тәртібін келесідей қарастырады:
1) Сот мәжілісінің ашылуы;
2) Процесске қатысушылардың келуін тексеру;
3) Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру;
4) Куәларды сот отырысы залынан шығару;
5) Сот құрамын жариялау және қарсылық білдіру құқықтарын түсіндіру;
6) Іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
7) Іске қатысушы тұлғалардың сот мәжілісіне келмеуіне байланысты салдарды түсіндіру;
8) Куәлар мен сарапшылардың сот мәжілісіне келмеуіне байланысты салдардың мәселелерін шешу;
9) Сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Сот отырысының әзірлеу бөліміндегі мәселелерді шешкеннен кейін істі негізі бойынша қарастырады.
Істі негізі бойынша қарау төрағалық етушінің іс материалдарын жариялаудан басталады. Тараптардың түсініктерінде мыналар қамтылуы тиіс: талаптың мәнісі және жауапкердің қарсылығы; талапты және қарсылықты негіздейтін мән-жайлар. Іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін тыңдай отырып, судья істің мән-жайәларын зерттеуге, дәлелдемелерді қарастыруға және тексеруге кіріседі.
Соттағы жарыссөз және прокурордың қорытындысын беру процесінде тараптармен бірге істің мән-жайлары мен дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі қорытындыланады. Іске қатысушы тұлғалар, олардың өкілдері сот мәжілісінде зерттелген барлық материалдардың негізінде өз пікірлері мен қорытындыларын білдіреді. Прокурор мен өкілдер өз қорытындыларын тек қана сот мәжілісінде зерттелген дәлелдемелер негізінде анықталған фактілерге және аталмыш құқықтық қатынастарды реттеуші құқықтық нормаларға сілтеме жасай отырып негіздеуі тиіс.
Сот қаулысын шығару және сот шешімін жариялау бөлімінде сот талқысы қорытындыланады. Бұндағы міндеттің маңыздылығы мен жауаптылығына байланысты істі дұрыс шешуге барлық жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да қаулы қабылдау үшін судья кеңесу бөлмесіне баруы тиіс.
ҚР АІЖК-нің 217-бабына сәйкес істі негізі бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы шешім түрінде шығарылады. Сот шешімді Қазақстан Республикасының атынан шығарады. Сот шешімі заңды және дәлелденген болуы тиіс. Шешім төрағалық етушімен немесе бір судьямен жазбаша түрде шығарылады, шешімді қабылдауға қатысқан судьялар қолдарын қояды, сонымен қатар жеке пікірі болған судья да қолын қояды. Шешім іс бойынша қолданылуға жататын материалдық және процессуалдық құқық нормаларына сәйкес шығарылса заңды болып табылады. Шешімде оны орындау уақыты көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет