1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорындағы қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері



бет57/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
Mathcad для студента, OK MU MathCAD RU 2009, Создание отдельных элементов графического интерфейса, 1 Зертханалық жұмыс (1), эссе, Силлабус, Физика Жауаптар-2, ответы с 14 -25 теория, 1-6 Билеты, Изотермиялы процесс те деуі (m=const; T=const), педагогикалық мамандыққа кіріспе Силлабус-1, алгебра 7-12, тест каз мол 300 тестов, 1лек ИИ
3.Кәсіпорындағы қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектінің иелігіндегі ақшалай ресурстар құрайды және оның табыстарының құрылу, бөлу, пайдалану процесін бейнелейді.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары негізгі және айналым капиталының шеңбер айналымын, мемлекеттік бюджетпен, салық органдарымен, банктермен және басқа ұйымдармен өзара қатынасын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметін қаржыландыру жеке және жалдамалы қаражаттар есебінен іске асырылуы мүмкін.
Жеке меншік қаржы ресурстары жарғылық капитал, пайда,кәсіпорынның амортизациялық қоры, қайырымдылық немесе демеушілік жарналар есебінен қалыптасады.
Жалдамалы қаражаттар – бұл банктермен және басқа ұйымдармен ұсынылған несиелер,заемдар, басқа кәсіпорындардың уақытша қаржылық көмегі, нақтылы жобалармен қамтамасыз етілген құнды қағаздар эмиссиясы.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі көздерінің бірі кәсіпорын құрылтайшыларының салымдарынан қалыптасатын бастапқы капитал болып табылады және жарғылық капитал формасын қабылдайды.
Жарғылық капиталдың қалыптасу тәсілі кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасынан тәуелді. Жарғылық капитал қаражаттары негізгі қорларды сатып алуға және қалыпты өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу үшін қажетті мөлшерде айналым құралдарын қалыптастыруға бағытталады. Ол сондай-ақ лицензияны, патенттерді,ноу-хауды сатып алуға жұмсалуы мүмкін.
Өндіріске инвестицияланған бастапқы капитал сатылған өнім бағасында бейнеленетін құнды жасайды. Өнімді сатқан соң ол ақшалай формада, яғни түсім формасында болады.
Пайдалану процесінде түсім сапалық құрамды бөліктерге бөлінеді.
Түсімді пайдалану бағыттарының бірі – амортизациялық қорды қалыптастыру. Ол негізгі өндірістік қорлар мен материалды емес активтердің тозуы ақшалай форма қабылдаған соң амортизациялық жарналар түрінде құрылады. Амортизациялық қордың құрылуының міндетті шарты тұтынушыға өндірілген тауарларды сату және түсімнің түсуі болып табылады.
Тауарды жасай отырып кәсіпорын шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды шығындайды. Олардың құны басқа материалдық шығындармен қатар кәсіпорынның өнімді өндіру шығындарын құрайды және өзіндік құн формасында болады.Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды сатудан түсім түскеннен кейін айналым қаражаттары қалпына келтіріледі, ал өнімді өндіруге кеткен кәсіпорын шығындары қайтарылады.
Өзіндік құн түріндегі шығындардың жекеленуі өнімді сатудан түскен түсім мен өндірістік шығындарды салыстыруға мүмкіндік береді.Өнім өндірісіне қаражаттарды инвестициялаудың мәні таза табысты алудан тұрады,егер түсім өзіндік құннан жоғары болса, онда кәсіпорын оны пайда түрінде алады.
Пайда да, амортизациялық жарналарда өндіріске салынған қаражаттардың шеңбер айналымының нәтижесі және кәсіпорынның жеке меншік қаржы ресурстары болып табылады.
Кәсіпорынмен алынған пайда толығымен оның иелігінде қалмайды,оның бір бөлігі салықтар түрінде бюджетке түседі.
Кәсіпорын иелігінде қалатын пайда тұтыну және жинақтау түрінде анықтауға болатын оның қажеттіліктерін қаржыландырудың басты көзі болып табылады.Пайданың жинақтау мен тұтынуға бөлінетін пропорциясы кәсіпорынның даму перспективасын анықтайды.
Жинақтауға бағытталған қаражаттар кәсіпорынның өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына пайдаланылатын ақша ресурстарын құрайды. Осы негізде қаржылық активтердің қалыптасуы жүреді. Пайданың басқа бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына, сонымен бірге тұтынуға бағытталады.
Жеке меншік қаражаттардан басқа кәсіпорынмен жалдамалы қаржы ресурстары тартылады, оған банктің ұзақ мерзімді несиелері,басқа кәсіпорындардың қаражаттары, облигациялық займдар жатады. Жалдамалы қаражаттарды қайтару көзі де кәсіпорынның пайдасы болып табылады.
Жеке меншік және жалдамалы қаржы ресурстарының арақатынасы кәсіпорын қаржысының құрылымын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет