1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет3/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер
pdf1537978379, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
Зерттеу әдістері: бақылау, анықтау, материал жинақтау, саралау, талдау.

Зерттеудің практикалық маңызы: Жасалынған әдістемелік нұсқаулықты орта және арнайы мектептердің, интернаттың биология пәнінің мұғалімдері пайдалануға болады.


1 Тірі ағзаларды халық емшілігінде пайдаланудың тиімділігін арттыру анықтау

    1. Дәрілік өсімдіктерді халық емшілігінде пайдаланудың тарихи дамуы.

    2. Халық емшілігі өсімдіктерге қысқаша шолу

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалык қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келді. Тіпті осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.

Дәрілік өсімдіктердің бұл тобынан емге керекті дәрі алумен қатар, құрамында әр түрлі витаминдер, микроэлементтер, белок, углевод, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбінесе шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Осы қасиетінің арқасында олар көптеген елдерде жалпы тағамның бір түрі бөлып есептеледі. Өсімдіктерді ауру - сырқаудың емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген.

Дәрілік өсімдіктер жайында тұнғыш рет біздің дәуірімізге дейінгі ертедегі грек дәрігері Гиппокраг (460-377) белгілі еңбек жазды. Ол өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен колдануға болады деп есептеді. Сондай-ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама жасады. Бірақ ғалым сол сипатталынып отырған өсімдіктерде неліктен шипалық қасиет болатынын айтып бере алған жоқ. Бұл мәселеге арада алты ғасыр өткен соң барып, біздің дәуіріміздің екінші ғасырында ғана Рим дәрігері Гален алғаш рет жауап берді. Ол өсімдіктердің шипалық қасиеттердің болуы олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге ол заттарды қалай бөліп алуга болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Ал, Грецияның Диоскорид деген дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүз түрінің қолданылу жолдарын жазған.

XVI ғасырда алғаш рет Парацельс атты атакты дәрігер шипалық қасиеті бар өсімдіктерге химиялық анализ жасады. Ол да өсімдіктің емдік қасиеті оның

құрамындағы кейбір заттарға байланысты екендігіне баса назар аудара отырып, сол заттарды таза күйінде алуға күш саллы.

Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Оңтүстік Батыс Азия халықтары да біздің заманымызға жеткізген. Соның ішінде Индия фармакологтары өз елінің флорасынан өсімдіктің сегіз жүзге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу әдістері осы Индия, Қытай, Жапон, Монғол елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру - сырқауды емдеге пайдаланатын дәрі - дәрмек түрлері өте көп.

Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінерлік жұмыстар жүргізілген. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрып жазылған.

Фармаколог Лн Ши-Чжень он алтыншы ғасырда, өзінің жиырма жеті жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, елу екі томдық дәрігерлік еңбегін шығарған. Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің екі мыңға жуык түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан дәрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.

Осындай әр елде жүргізілген зерттеулер араб елінің дәрігерлеріне де үлкен әсерін тигізген. Бұдан тоғыз жүз жыл бұрын араб фармакологы Бируии «Китаб - ас-сайдана» деген еңбегінде дәрілік өсімдіктің алты жүзге жуык түрін жазған.

Дәрілік өсімдіктер Ресейде де өте ерте кезден бастап қолдана бастаған. XVI ғасырдың аяғында дәрілік өсімдіктер жайындағы кітаптар латын және неміс тілдерінен орысшаға аударылды. Москвада сол түста көпшілік пайдалануға болатын «Кешегі және бүгінгі дәрілік өсімдіктер» деп аталатын кітап құрастырылды.

Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу ісі ХVIII-ХІХ ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н.И.Анненков «Ботаникалық сөздік» атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А.Т.Болотов «Экономикалық дүкен» атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В.К.Варлихтың «Орыстың дәрілік өсімдіктері» атты еңбегі жарык көрді. Кейінірек С.П.Боткин, Ф.И.Иноземцев сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дуние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді .

Дегенмен патшалық Ресейде дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда.

Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді.

Ғалымдар соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай


көптеген өсімдіктерді жан - жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға
қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттерін қапысыз анықгалған 324 өсімдіктің
107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана
академик А.ГІ.Ореховтың өзі әртүрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ак, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар тындырылды. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б.П.Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик фитоноцидтердің емдік қасиеттері анықталды. Сонымен қатар елІміз құрамында алкалоидтары бар улы өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді. Еіліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіп эфедрин, сальсолин, платифиллин, адонизид, эфизимин жоне басқа да бағалы препараттарды да өсімдіктерді зерттеу жолымен дүниеге әкелді.

Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзак жолына өтеді. Атап айтқанда химиялық құрамы тексіріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ыкпалы анықталады. Өсімдіктердің түгелдей өзіндегі немесе оның бір бөлігіндегі кейбір химиялық заттардың каншалыкты зиянды екені анықталады, сонымен бірге өсімдіктің шипалық қасиеті жан жакты тексеріледі. Сонан соң әр түрлі жолмен тәжірибе жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалған препараттардың дәрілік қасиеттеріне баға беріледі. Осыдан кейін барып қана арнаулы нұсқау бойынша дәрілік өсімдіктер көптеген клиникалық сынақтан өтеді. Сынақтан өткен өсімдікті халық арасында кеңінен таратуға және емдеу мақсатында қолдануға, ал оның препараттарын өндірістік жолмен жасауға рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми медицинаға көшеді. Мәселен, осындай байқаудан өткен, жүрек - кан тамыры ауруларына қарсы қолданылып жүрген препараттардың 80 %-тен астамы дәрілік өсімдіктерден алынған. Алмисақтан мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Соның нәтижесінде ел арасында ауру сырқауға ұшыраған адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден - ақ кеңінен таралған. Республикамыздағы дәрілік өсімдіктердің 600-ге жуық түрі дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдаланылады, алайда соның 200-ге жуық түрі ғана дәрілік өсімдік түрінде жиналады. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктер: туішедақ,ермен,арша, рауғаш, қызылтаспа, долана, сиырсілекей, итмұрын, есекмия, дәрілік жоңышқа, киікоты, тасшөп, т.б. Дәрілік өсімдіктердің құрамында алкалоидтар, гликозидтер, эфир майы, түрлі дәрумендер болады. Оларда түрлі микробтарды, вирустарды өлтіретін антибиотиктер, фитонцидтер түзіледі. Осы заттардың болуына байланысты дәрілік өсімдіктер бірнеше топқа бөлінеді. Дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, сақтау әдістері арнайы ережеге сай жүзеге асырылады. Дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрі дәрмектер дәрігердің нұсқаумен қолдануға ұсынылады.

Осы жерде халық емшілігінде пайдаланылып келген дәрілік өсімдіктер жайлы шолу жасасам. Соның ішінде қарандыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет