11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарды



бет60/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарды
жоспарлауы туралы анықтама
Мектепте әр пән бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, сонымен қатар «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығын негізге ала отырып жасалу керектігі туралы педагогикалық кеңесте, әр бірлестік отырыстарында қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
- «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669;
- «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық)
- "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығы.
- «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
- «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2019 жылғы 15 мамырдағы № 205 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрықпен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары (2020 жылғы 21 сәуірдегі №154 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша енгізілген өзгерістермен»);
- "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығы

Көрсетілген нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырылатыны туралы әр бірлестік отырысында қаралып, талқыланды.


Алайда, тақырыптық – күнтізбелік жоспарлау жасауда түсінік хатта нормативтік-құқықтық құжаттарды дұрыс алынбағаны, оқу бағдарламасынан көшіріп алғандары, сабақ реттілігінің дұрыс қойылмауы, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығын басшылыққа алынбағаны, сағат сандары, күн реттілігінің дұрыс қойылмауы, тб. кемшіліктерге жол берілгені анықталып, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.


Ұсыныс:



  • Тақырыптық – күнтізбелік жоспар жасауда 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығын басшылыққа алу.

  • Пәндер бойынша әр тоқсандағы сағат сандары, күн реттілігінің дұрыс қойылуын назарда ұстау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет