1Денсаулық бұл?



бет16/19
Дата14.11.2022
өлшемі9,36 Mb.
#158115
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ДНН РК

47Физикалық даму
Қазіргі таңда, физикалық даму, халықтың және жеке адам денсаулығының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылады. Физикалық даму дегеніміз, адам ағзасының морфологиялық және функционалдық комплексін айтамыз (олар: дененің формасы, тығыздығы, пішіні және т.б.).
Физикалық даму, келесі параметірлерді көрсетеді: антропометриялық (дене салмағы, дене ұзындығы және т.б.); соматоскопиялық (дене бітімі, тургор, аяқтардың пішіні, кеуденің пішіні және т.б.); физиометриялық (пульс, дем алу жиіліктері, өкпенің өмірлік сыймдылығы, артериалдық қысымының көрсеткіштері және т.б.).
Денсаулық сақтау саласында, антропометриялық өлшемдер ақпаратты болғандықтан, қарапайым және қолжетерлік болғандықтан, туылғаннан бастап, ересектікке дейін міндетті. Антропометриялық өлшемдер деректері, вариациялық – статистикалық талдаудан өтіп, олардан вариациялық қатарлар, регрессия теңдеулер және т.б. өлшемдер құрастырылады.
Соматоскопиялық зерттеулер кезінде, дене пішініне көңіл аударғаны жөн (балалардың габитусын байқау ғана емес), олар жалпыға танымал критерилер - нормостеникалық, гипертоникалық, гипостеникалық дене бітімінің типтері; атлетикалық (бұлшық еттік тип), тыныстық, аралық және т.б. Дене бітімінің анықтау және бағалау негізінде, антикалық заманнан бері дамып келе жатқан медициналық бағыт – биотипология деп аталады. Гиппократпен анықталған, дене бітімдерінің клиникалық типтерін үлгі ретінде алып, биотипология қазіргі таңда, анатомиялық және физиологиялық, әсіресе нейроэндокриндік констеляциялардың қалпімен санасады (Н.Ленде – ұзартылған астенический, гиперстеникалық, қысқартылған астеникалық немесе гиперстеникалық типтер және т.б.). Дене бітімін анықтаумен бірге, терінің, шырышты қабаттың қалпін (түсі, құрғақтылық, ылғалдылық және т.б.), тері тургорын (тері қатпарын) және тағы басқа белгілер.
Алынған мәліметтер сигмальды бағалаумен, арнайы физикалық дамудың кестелермен, әр-түрлі жас кезеңдеріне жүргізіледі.
Балалардың арасында осындай көзқарас, солардың ішінен нормаға сәйкес және ауытқулары бар балаларды анықтау керек. Соматикалық типтің 5 түрі бар: 1) дамудың және бойдың баяу типі; 2) дамудың баяу типі 3) дамудың және бойдың орта типі; 4) дамудың шапшаң типі; 5) дамудың және бойдың шапшаң типі. Осы типологияның негізінде морфологиялық статустың және жыныстық даму деңгейінің байланысы жатыр. Әдістемеге сәйкес, баланың физикалық даму деңгейін, стандарттармен салыстыру. Балалардың жастық даму темптері бағаланады. Бала мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттегенде, регрессия кестесі бойынша бойдың, салмақтың, кеуденің шеңберінің көрсеткіштерін бағалау әдісі кеңінен таралған. Жеке көрсеткіштердің индивидуалды белгілері әр-түрлі: мысалы, адамдардың бойы бірдей болғанымен, салмағы және кеуде шеңберінің көрсеткіштері кең шамаларда ауытқуы мүмкін. Индивидуалдық көрсеткіштердің әр-түрлік өлшемін, регрессияның сигмасы сипаттайды, ол регрессия коэфицентін санағанда қолданылады (дене салмағының, дене ұзындығына қатынасы, көбейтілген корреляция коэффицентіне). Регрессия коэффицентін білсек, регрессия сигмасын және регрессия теңдеуін қолданып, регрессия шкаласын құруға болады. Осы есептеу принциптерін қолданып, физикалық даму стандарттары құрылады, олар бала бойының саламағына, кеуде шеңберіне, отырғандағы бойын және т.б. көрсеткіштерді бір – біріне қатынасын салыстыра аламыз. Регрессияны зерттеулерде қолданып, белгінің шамасы өзгергенде, басқа белгінің өзгеруінің шамасына байланысты.
47.1(Қазіргі біздің заманымызда, физикалық даму деп, морфофункционалдық даму дәрежесін ғана емес, сонымен қатар, бнологиялық дамуды да түсіндіреді. Баланың биологиялық жасы оның төлқұжат немесе хронологиялық жасына, яғни, баланың туған күнінен тексеріліп отырған күніне дейінгі өмір сүрген уақытына сәйкес келуі керек. Бұнда бой ұзындығы, оның жылдық коспасы, тістерінің дамуы, жыныстың жетілуі есепке алынады. Бұндағы жыныстық жетілу, биологиялық дамудың ен дәлірек көрсеткіші болып есептелінеді. Ол екінші жыныстық белгілермен бағаланады: бетке, қолтық астында, шатқа шаш өсу, емшек безінің дамуы, жұткыншақ пайда болуы, дауыстың өзгеруі, етеккір жасы (ер балалар мен қыз балаларға қатыстысы алынады).
Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы, морфологиялық және функционалдық жағдайының қасиеттері мен сапасы, сондай-ақ биологиялық дамуының дегейі -олардың биологиялықтың жасын көрсетеді. Баланың өмірінің әрбір кезеңіндегі физикалық дамуы
-бұл ағзасының биологиялық дамуда жеткен жасы мен жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы. Физикалық даму терміні жағдайдын сол уақыттағы сипатын емес даму динамикасын бейнелейлі. Бұл көзқарас бойынша физикалық даму дегенді бала ағзасының, дене өлшемдерінің, дене құрылысының, сыртқы келбетінің, бұлшықет күшінің және еңбек қабілетілігінің жасына сай болуымен түсіндіреді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет