1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі



бет69/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

78.Қазақ зиялыларының ашаршылыққа қарсы күресі.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысыаяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
1921-1922 жылдардағы аштықтан қазақтың отбасы тұтастай қырылды. Аман қалғандары босып шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы ашаршылық ұлт зиялыларын бей-жай қалдырмады. Барлығы қолынан келгенше халықтың аман қалуын тілеп, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке хат жолдап, көмек сұрады. Өздері елді аралап, ашыққандарға арналған асханалар ашу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бар күштерін жұмылдырды.

Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды. Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқы мен бауырларына жәрдем көрсетуді өздерінің азаматтық борыштары деп білген зиялыларымыздың бұл әрекеттері өміршең мүддеге қызмет еткендігінің тағы бір көрінісі болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет