2 – дәріс. Әлеуметтанулық теорияға кіріспе



бет4/10
Дата01.03.2022
өлшемі22,23 Kb.
#133743
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 - дәріс
Дәстүрлі энергия көздері (копия), 7 семинар
Карл Маркс (1818-1883)
Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ, экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дэрежесін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді (Маклеллан, 2006).
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы - ол кедейлікті табиғи қүбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді қүбылыстардың маңызына
әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті. Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі – оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды. Оның пайымдауынша, бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құрайды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте қожайын басты экономикалық ресурс - жерге ие болады. Нәтижесінде, әйелінің күйеуіне қарсы шығуға құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақкөтере алмайды.
Маркс мұраға таласудың әулеттегі жанжалға негіз болатыны сияқты, бәсеке де қоғамның экономикалық топтары арасында конфликт тудырады деп санады. Сол замандағы ғалымдардың басымкөпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола
қалған жағдайда баяу және бейбіт түрде дамиды деп пайымдады. Маркс, керісінше, әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделері қарсы келген топтардың арасындағы конфликтің нәтижесі деп санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликтерді өршітуден және байларды әлсіретіп, жүмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет