2. Азаматтық қорғаныстың күштері Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау


Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау



бет3/3
Дата14.10.2022
өлшемі135,9 Kb.
#153157
1   2   3
Байланысты:
лекция 3
лекция 5
3. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

Сурет 2. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары

Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау


1. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, да лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы қызметін атқарады.
2. Уәкілетті органның басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тікелей басшылықты жүзеге асырады.
3. Орталық жэне жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бірінші басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
4. Азаматтық қорғаныс бастықтары:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы белгілеген тәртіппен тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарларын бекітуге және іске қосуға;
- белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялауға;
- азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша бұйрықтар, шешімдер, өкімдер шығаруға;
- заңдарда белгіленген тәртіппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс шараларын жүргізуге тартуға;
- жеке және заңды тұлғалардан осы Заңның жэне азаматтық қорғаныс жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын талап етуге міндетті.
5. Тиісті деңгейлердегі Азаматтық қорғаныс бастықтарының азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі бұйрықтары, шешімдері және өкімдер барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті.
Азаматтық қорғанысты басқару орындары:
1. Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін мынадай органдар құрылады:
- Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары;
- облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы орындарында Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімдер (қызметкерлер);
- ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер (жеке қызметкерлер).
Уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері лауазымдарының бір бөлігі штат санының лимиті шегінде әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (іс-сапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.
2. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) басшылары лауазымы бойынша тиісті Азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері
1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшін республикалық, облыстық, аудаңдық, қалалық Азаматгық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметгері кұрылады, олар тікелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметкері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдерінің, ұйымдар басшыларының шешімдерімен құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық қызметтер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді, олар туралы Ережені уәкілетті орган бекітеді.
4. Басқару пунктерінің, күштер мен кұралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жагдайлар қызметтерінің дайындығы үшін жауапкершілік олардың құрылуына негіз болған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық жэне жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Б. Нурғазина. «Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері»: пәнінен дәрістер конспектісі / ШҚМТУ, 2014 –50 бет.
2. Қ.Т. Жантасов, Е.Н. Кочеров,А.С. Наукенова, Жантасов М.Қ Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі /оқулық. Эверо, Алматы, 2015 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет