2.ҚАзақ тіліндегі жай сөйлемдердің онтологиялық моделі мәтіндік қҰжаттарды классификациялауда онтологияны қолдану қАзақ тіліндегі сөз тіркестерді өҢдеу


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРДІ ӨҢДЕУ



бет4/4
Дата21.12.2022
өлшемі199,17 Kb.
#163811
1   2   3   4
Байланысты:
13 апта
5-Дәріс-Лекция, 5-Дәріс-Лекция, Электив 1 тақырып, кырымтай н. икт, Силлабус (ЖМ каз) (копия), Силлабус (ЖМ каз) (копия), 4795444135852 Дәрістер 3-4
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРДІ ӨҢДЕУ
Қазақ тіліндегі мәтінді,сөйлемді, сөз тіркестерін математикалық лингвистика әдісімен зерттеу және сөйлемдерді талдау мен құруды автоматтандыру проблемасы қазіргі кезде лингвистика және информатика саласында өте өзекті болып табылады.Соның ішінде сөйлемдерді семантикалық талдау мәселесі компьютерлік лингвистика бағытында маңызды.Өйткені бұл мәселенің шешімі авторлық құқықты қорғаумен тікелей байланысты, мысалы антиплагиат.Бұл мәселені шешуге арналған әдістер мен программалар бар, алайда мағынасы бойынша қазақ тіліндегі мәтіндерді салыстыратын жетілдірілген программа мен оның теориялық негіздемесі жоқ.
Қазіргі таңда Хэмминг және Хопфилд нейрожелілерін қолдану арқылы лингвистика саласының көптеген өзекті мәселелерін шешуге болады.Семантикалық талдау барысында сөз тіркестерін өңдеу қарастырылады. Сөз тіркесі сөздердің бір бірімен тіркесуімен жасалады. Сөздер зат пен құбылысты, сапа мен белгіні немесе іс-әрекетті атайды. Сөз тіркестерінде зат пен құбылыс, сапа мен белгі немесе іс-әрекеттер жеке сөздердегідей дара күйінде емес, өзара бір-бірімен байланысты болады. Сөз тіркестерінің синтаксисі сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен сұлбаларын (формаларын) және сөз тіркестерінің құрамы мен түрлерін морфологиямен тығыз байланыста қарастырады. Онда сөздерді сөз тіркесі мен сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөздердің бір бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде зерттейді.
Сөз тіркестері грамматикалық тәсілдер арқылы байланысқан кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралады. Құрастырушы сыңарлар бірі бағыныңқы, екіншісі басыңқы мүше ретінде қызмет атқарады. Сыңарлар бір бірімен өзара сабақтасып, белгілі бір мағыналық және синтаксистік заңдылықтар негізінде байланысады. Сөз тіркесі атау құралы ретінде негізгі сөз (басыңқы) арқылы затты, құбылысты, үрдісті (процесті), сапаны белгілейді.
Сөздер жалғаулар арқылы байланысуы мүмкін. Cөздер байланысуының бес түрі бар: қабысу, матасу, меңгеру, қиысу, жанасу.Стратегияларда ақырлы автоматпен деңгей бойынша бөлу жүріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет