31. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарын санамалап беріңіз Педагогикалық менеджмент


Кәсіби білім беру мекемелерін басқару жүйесінің сызбасы



бет6/8
Дата23.12.2022
өлшемі30,72 Kb.
#164086
1   2   3   4   5   6   7   8
37. Кәсіби білім беру мекемелерін басқару жүйесінің сызбасы
Мектепті басқару – 16 оқу-тәрбие ісінің мақсатына жетуде және мектепті одан әрі дамытуда
оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған басқарушылық шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылатын ерекше қызмет.
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның
тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне
ықпал жасаумен оларды ӛзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет.
Педагогикалық жүйенің ӛзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған
мақсаттардың мезгілінде орындалуына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің
педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске
асырылуы, ӛз кезегінде кӛптеген, әрқилы әдістер мен формаларды ойластыруды
керек етеді.
Кез-келген білім беру мекемелері әлеуметтік ортаның бір бөлігі бола отырып, өзімен өзгермелі әлеуметтік-педагогикалық жүйені бейнелейді. Білім беру мекемелерін жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның белгілі компоненттерден тұратынын байқаймыз. Мұнда компоненттері ретінде мұғалімдер ұжымы, оқушылар, ата-аналар алға шығады.
Білім беру мекемелері әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде келесідей аспекттер тұрғысынан қарастырылады: жүйелі-құрылымдық аспектісі; жүйелі-функционалдық аспектісі; тарихи аспектісі; жүйелі-қатынастық аспектісі; ақпараттық аспектісі; басқару аспектісі.
1. Жүйелілік, тұтастық – бұл өз компоненттерін өндіруші. Компоненттер, элементтер және оның бөліктері арасындағы бірлік пен өзара әрекеттесу берілген сапада жүйені құрайды, оның қызмет көрсетуін және дамуын қамтамасыз етеді. Осылайша, біз жүйенің құрылымымен, оны ұйымдастырумен жұмыс істейміз, яғни жүйелілік пен тұтастықтың жүйелі-құрылымдық аспектісін қарастырады.
2. Әлеуметтік жүйелерде мақсат жүйені қалыптастырушы фактор ретінде алға шығады және оған қол жеткізу үшін құралдар мен әрекеттерді талап етеді. Мақсатты жүзеге асыруда оның компоненттері мен жүйенің әрекет етуі оның функуциясын анықтайды. Мұнда жүйенің жүйелі-функционалдық аспектісі сипатталады.
3. Әлеуметтік жүйе, қоғамдық бола тұра өзгеріп отырады, себебі оған ішкі қайшылықтар тән. Демек, жүйелер тарихи қамтылғандықтан, олар тарихи аспектіде қарастырылады.
4. Жүйе ашық және көптеген коммуникация ортасымен байланыста бола тұра әрекет етеді, сыртқы ортада дамиды. Неғұрлым жоғары деңгейдегі жүйелер жүйе бөлімшелерінің алдында мақсаттар мен міндеттер қояды, ресурстарын анықтайды, шектеулер орнатады. Мұнда жүйеліліктің жүйелі-қатынастық аспектісі айқын көрінеді.
5. Жүйеге кіретін және одан шығатын ақпарат, жүйе компоненттерінің өзара байланысын көрсетеді және компоненттердің тұтас, ал жүйені ортамен тұтастық жүйесі ретінде сипаттайды. Бұл жерде жүйенің ақпараттық аспектісінің көрінісін табамыз.
6. Келешектегі (қалайтын) жүйенің жағдайымен (мақсаты) қолданыстағы жүйе арасындағы айырмашылық басқару аспектісін анықтайды.
Бұл әдіснамалық жағдайлар білім берудің әлеуметтік-педагогикалық жүйесінде білім беру мекемелерін басқару процесін сипаттаудың негізін қалаушылары болып табылады. Алайда, әлеуметтік-педгогикалық жүйенің мәнін оқып-зерттеу, кешенді тұрғысыз мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет