31. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарын санамалап беріңіз Педагогикалық менеджмент


Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару туралы ғалымдардың пікірін келтіре отырып, өз сөзіңізбен баяндаңыз



бет5/8
Дата23.12.2022
өлшемі30,72 Kb.
#164086
1   2   3   4   5   6   7   8
35. Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару туралы ғалымдардың пікірін келтіре отырып, өз сөзіңізбен баяндаңыз
Қазіргі заман жағдайына білікті арттыру жүйесін ақпараттандыру педагогикалық кадрларды дайындаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс. Сондықтан, кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Мектепте басқарудың жолдарын жан-жақты қарастыра отырып, мұғалімдерді ұйымдастырудың түрлі жодарын үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Әдістемелік кеңестер мен педагогикалық кеңестер отырыстарын түрлі тәсілдермен жүргізіп, мұғалімдерді шыңдауға бағыттауға тырысқан дқрыс. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеген жөн.
36. Менеджмент оның кәсіби білім беру жүйесіндегі рөлі
«Менеджмент – бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалану процесі». Біздің сӛздік қорымызға енген «менеджмент» термині «басқару» сөзін алмастырып отырғандай. Алайда бұл терминдер синоним болғанымен, олардың арасында толық сәйкестік жоқ: «басқару» ұғымы адамның алуан түрлі ісәрекеттеріне (мысалы, автомобильді басқару), түрлі қызмет салаларына (мемлекетті басқару), басқару органдарына (ұйымдық бөлімшелерді басқару) қатысты қолданылатындықтан, оның мағынасы «менеджментке» қарағанда анағұрлым кеңірек.
Жалпы, басқару дегенді – шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа
сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат
негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге
болады. Басқару адамдардың саналы іс-әрекетімен бірге пайда болды. Оны жетілдіруге
мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбек, озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалды.
Менеджмент – қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы.
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі – ӛскелең
ұрпақ болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей
(мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама – мемлекеттік қоғамдық
ұйымдар арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет