38. Конфликттерді реттеу жолдарын мысалдармен түсіндір
Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде ғылыми халықаралық термин «конфликт» қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Ғылыми-педагогикалық және психологиялық туындыларға сүйене отырып қақтығыс (конфликт) тың мынадай түрлерін атауға болады: тұлғааралық қақтығыстар, отбасындағы (ерлі зайыптылар арасындағы) қақтығыстар, саяси және мемлекетаралық қақтығыстар.
Басшылар мен оған бағынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас ғылымда да, практикада да өзекті мәселе.
Мұнда басқарудың стилі, басшылық, абырой, сый-құрмет, ұжымда социал-психологиялық жағдай-кл Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: оқушы, оқытушы, ата- аналар және басқарушы (администратор). Олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар.
Оқыту мен тәрбие процесі, әр қандай даму сияқты қақтығыссыз және қайшылықсыз өтпейді. Балалармен қақтығысқа келу реалды өмірдің бір құрамы ретінде көрініс табады.
39. Білім беру мекемелерінің имиджі туралы баяндап беріңіз
Имидж – тауардың, қызмет көрсетудің, мекеменің, мемлекеттің бейнесі. Бұл ұғымның екі аспектісі бар: 1) сатып алушының өзін-өзі көруі, сатып алушының өнімді (тауарлар, қызметтер) көруі; 2) сатып алушының мекемеге қатынасы. Сонымен, фирма имиджі – бұл тек тұтынушылардың көрінісі мен жай ғана білімдер емес, сонымен бірге берілген өнімге және сол өнімді шығаратын мекемеге деген эмоционалды қатынасы.
Мекеме имиджі – бұл фирманың коммерциялық маңызды, шынайы сипаттамаларын тұтынушылардың өзі және потенциалды тұтынушылардың сана-сезімінде бейнеленуі.
Имидждің құрылуы – қоғамдық байланыс аймағында және білім беру мекемесіндегі білім беру қызметтерін тұтынушылардың дамытуына, жақсартуына, жалпы жаңартуына деген қатынасы.
Білім беру мекемелері – бұл әр түрлі әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесетін ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Оның сыртқы көрінісі әр уақытта өзекті мәселе болған, бірақ қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында ол неғұрлым анық айқындалады.
Білім беру мекемесінің имиджі сол мекеменің педагогтарымен құрылады және ол шынайы жетістіктерге негізделеді, ал білім беру қызметтерін тұтынушылардың өзімен қосылатын сипаттамалар осы шынайы жетістіктерден шығу керек. Кез-келген имидждің өзіндік мекен-жайы болған дұрыс, яғни белгілі бір тұтынушылар тобының өзіне назарын аудару керек. Әрине, имидж қарапайым және түсінікті, сонымен қатар ерекше болуы керек, өйткені ол басқа фирмалар бейнесінен ерекшеленіп, жеңіл танылатындай болуы тиіс. Сонымен қатар имидждің икемді де болғаны жөн, себебі экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруіне және тұтынушылардың оны дұрыс қабылдауына байланысты икемделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |