Объективті тексеру:Жалпы жағдайы ауыр, пациент гиперстеникалық дене бітімді. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығының түсі қалыпты, t0-36,80C. Іші кепкен, тыныс алуға қатыспайды. Пальпация кезінде ішінің консистенцияся «үрленген допқа» ұқсайды, ішінің барлық аймағы ауырады, ауырсыну сезімінің белгілі бір локализациясы жоқ, бірақ эпигастрий және кіндік айналасында ауырсыну сезімінің интенсивтілігі күштірек. Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді, ішектің перистальтикасы естілмейді. Ps–102 соққы/1 мин., ырғағы дұрыс. АҚ–150/90 мм.сын.бағ. Үлкен дәреті бүгін болмаған, зәр шығаруы қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |