4. Мыс-Тас дәуірі (Энеолит)



бет3/7
Дата27.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#164568
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ауғаныстан
Андрон мәдениеті.
Еуразия даласындағы қола дәуірінің ескерткіштерінің басым бөлігі андрон мәдениетіне жатады.Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші 1914 жылы Сібірдегі Ачинск қаласындағы Андрон селосы маңынан табылды.Андрон мәдениеті Жайық өзенінен бастап Енисей өзеніне дейін Батыс Сібір алқабынан бастап Памир тауына дейін аралықта таралған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.Ежелгі Арқайым қонысы Ресейдің Челябі мен Қазақстанның Қостанай облыстары аралығында орналасқан.Арқайымды ғалымдар ежелгі қалаға ұқсатады.Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы Петровка Боголюбово қоныстары дуалдармен сыртынан ор дуалдармен қоршалған.Орталық Қазақстаннан 30 қоныс, 150 қорым зерттелді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы Таңбалтас пен Қаратау жартастарынан тасқа салынған суреттер бұл аумақта қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді.Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Сырдың төменгі ағысындағы кесенесі Түгіскен күйдірілмеген кірпішпен салынған.Оның ішінде айналма дәліздер мен тамның ортасында ыдыстар,қоладан жасалған құралдар мен қарулар,алтын әшекейлер қойылған. Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған Алексеев :мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін кейпі ірі денелі құрылысы мығым,жігерлі,келбетті адамдар болған деп сипаттайды. Андрондықтардың нәсілі –европеидтік нәсіл болған.
Андрондықтардың қонысы,кәсібі мен тұрмысы.
Олардың басты кәсібі мал бағу,кетпенді-теселі егіншілік пен балық аулау болған.
Есіл,Тобыл,Ертіс,Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанды.Өзен аңғарларындағы андрондықтар жерді тесемен өңдеген,сиыр,қой,ешкі мен жылқы өсірген.Археологтар олар өмір сүрген тұрақтардан сүзбе жасауға арналған сүзгіш құралдар тапқан. Археологтар тары ботқаның күйген қалдықтары салынған ыдысты,сондайы-ақ табада қуырылған бидайдың күйіктерін кездестірген.Егіншіліктің дамығанына еңбек құралдары-дән тартатын диірмен,жер өңдеуге арналған тесе, мыс және қола орақтар айқын дәлел.
Қола дәуірінде ыдыс жасаудың ең ірі өрістеген түрі көзе құмыралар жасау өнері.Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен өндіру мен металл өңдеу құрады.
Андрондықтардың баспаналары жартылай жертөле сияқты салынып сырты балшықпен сыланған. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған.Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын ұра қазылған.Солтүстік өңірлердегі Петровка,Шағалалы қоныстары қазбаларының көрсетуінше,тұрақтарының қабырғалары қатарластыра қойылған тік бағандардан тұрғызылған.Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек,баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет