4 Зертханалық жұмыс Фосфор және оның қосылыстары Аспаптар мен реактивтер


Фосфинді алу және оның қасиеттері



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі23,11 Kb.
#154288
1   2   3
Байланысты:
Лабораторное занятие 4-1666174676199
1372921554322, Практическое занятие 8-1664776737087, Лекция-1662470735118, 7-сынып -2-бжб-био 123032
Фосфинді алу және оның қасиеттері. Фарфор табақшаға эквивалентті концентрациясы 4 моль/л-ге тең тұз қышқылын аздап құйып, 2—3 түйір кальций фосфоридін пинцетпен салу. Газдың бөлінуін және тұтануын байқау. Реакция теңдеулерін жазу. Фосфор және азоттың сутекті қосылыстарының тұрақтылығын салыстыру.
Фосфор (V) оксидін алу (жұмысты тартпа шкаф­та өткізу). Асбест торға қойылған фарфор табақшаға аз­дап 0,4—0,5 г қызыл фосфор салып, табақшаның үстіне құрғақ воронканы төңкеріп бекіту, қызыл фосфорды қыздырылған шыны таяқшамен тұтандыру. Воронка қабырғасында қандай зат түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыз. Фосфордың бәрі жанып болғанда воронканы штатив сакинасына қойып 5а-тәжірибеге сақтау.
Фосфор қышқыл иондарына тән реакциялар: а) на­трий гидрофосфатының ерітінділеріне күміс нитратының ерітіндісін қосу. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Түсі қандай? Азот қышқылын қосқанда не байқалады, сынау. Тиісті реакция тендеулерін жазу. ә) аммоний молибдаты азот қышқылымен қышқылдандырылған ерітіндісінің аз көлеміне фосфор қышқылы немесе оның тұзының ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосу. Қоспаны қыздыру. Не байқалады? Тұнбаның түсі және түрі қандай? Байқау. Осы реакцияның теңдеуі:
Н3РО4 + 12(NH4)2Mo04 + 21 HNO3 = (NH4) Н4 [Р (Мо207)6] + 21 NH4NO3 + 10Н2О
б) екі бөлек пробиркада мета- және дифосфат ерітінділеріне күміс нитраты ерітінділерін қосу. Тұнбаға түскен заттың түсі қандай? Азот қышқылының ерітіндісін қосқанда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңыз.
Күмістің мета- және дифосфаттары қандай ортада тұнбаға түседі?
в) белоктың судағы ерітіндісін 2 пробиркаға құйып, бір пробиркаға натрий метафосфатының ерітіндісін, ал екіншісіне натрий дифосфатынын ерітіндісін, кейін екеуіне де сірке қышқылын құю. Белок, натрий метафосфаты және сірке қышқылы құйылған пробиркада не байқалады?
Бақылау сұрақтар:

  1. Фосфор атомының электрондық формуласын жазыңдар. Фосфордың максимал коваленттігі қандай? Фосфор қосылыстарында қагдай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  2. Фосфордың қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? Олардың химиялық активтігінің әр түрлі екенін түсіндіріңдер.

  3. Фосфордың ең маңызды химиялық қасиеттерін атап айтыңдар. Оның тотығу-тотықсыздану және диспропорциялану реакция теңдеулерін келтіріңдер.

  4. Фосфинді алу реакция теңдеуін жазыңдар. Аммиак пен фосфиннің электрондонорлық қасиеттерін салыстырыңдар, олардың айырмашылығын түсіндіріңдер. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында фосфин қндай қасиет көрсетеді?

  5. Фосфин (III) және (V) оксидтерінің графикалық формуласын жазыңдар. Оксидтердің химиялық қасиеттері қандай? Фосфор (V) оксидінің сатылай гидротациялану теңдеуін жазыңдар.

  6. Фосфор қышқылының графикалық формуласын жазыңдар: фосфорлылау, фосфорлы, мета-, орто-, дифосфор қышқылдары, химиялық байланыстар сипатын, гибридтену, фосфордың күші, негізділігі қандай? Қайсысы тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?

  7. Ортофосфор қышқылын алу әдістерін атап айтыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  8. Фосфор (III) және (V) галогениттерінің гидролизінің реакция теңдеулерін жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет