5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу



бет10/13
Дата11.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#21145
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Дәрістің жоспары:

1.Баланың тілі мен ойын дамыту үшін қолданылатын көрнекі құралдар.

2.Көрнекі құралдарды қолдануға қойылатын талаптар.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Балаларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принцип-көрнекілік принципі. Бұл принцип балалардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқуды айтады. Көрнекілік баланың зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түсінеді, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.

Көрнекілікті пайдалану арқылы балаларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады. Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Балалар бірінші тәрбиеші-мұғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақытылы заттар арқылы көреді. Мектепалды даярлық тобындағы балалар, әсіресе көзбен көрген, қолмен ұстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану тәрбиеші-мұғалім үшін де, бала үшін де тиімді.

Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады. Олар:


  1. Нақты көрнекілік (затты немесе құбылысты тікелей көрсету)

  2. Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б.)

  3. Дыбыстық құралдар (магнитафон, компьютер, диафильмдер т.б.)

  4. Көркем сөз арқылы бейнелеу (тәрбиеші-мұғалімнің балаларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы)

Көрнекі құралдың түрлері әдіскерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады:

  1. Көрнекі құралда берілген материалдыңмазмұны мектеп бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек. Егер оқушылардың түсінуіне ауыр материалдар берілсе, оның көрнекілігі де шамалы болады.

  2. Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негіізгі белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек.

  3. Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер)

  4. Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады.

  5. Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды.

  6. Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек.

  7. Оқушыларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс.

Көрнекілік әдісі қазақ тілін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланылады. Мұғалімнің сөзі мен көрнекілікті ұштастыру –қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады.

Қазақ тілінде қолданылатын көрнекілік құралдардың бір түрі-техникалық құралдар.

Ғылыми-техникалық процесс, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына ғылым негіздерінің бойлап кіруі мектеп оқушыларына берілетін білім деңгейін көтеріп, оқу-тәрбие процесін барынша жақсартуды талап етеді.

Осыған орай оқыту ісіне қойылатын талап-тілектің өсуі, оқушылардың көп нәрседен хабардар болуы мұғалімнің өзі оқытатын пәнін де, жалпы ғылым негіздерін терең білуін және сол мол білімді оқушыларға шебер жеткізуін талап етеді. Демек, мұндай шеберлік-оқыту тәсілдерін жетілдіру, техникалық құралдарды, программалап оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты тиімді, ұдайы ізденуі арқылы ғана болмақ.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім көлемі де ұлғайады. Мысалы; әртүрлі ғылым саласына байланысты әдебиет, тіл, тарих, физика, химия тағы басқа пәндер жаңа программасы, оған сай оқулықтары жасалады.

Оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдіскермен қаруландыру,терең білім беруге жағдай туғызу, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңірек өолдануды ұйымдастыру, әсіресе әр кластағы үйретілетін материалдың ерекшелігіне қарай орынды жерде проекциялық дыбысты жазып алатын және оны қайталап естіртетін аппараттар, радио мен теледидар, кинопроектор, эпифильм, диафильм, кинофильмдердің фраменттерін пайдаланып, сабақты мазмұнды әрі тартымды жүргізу талаап етіліп отыр.

Психология –педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайтындығын, жаңа оқу материалын қабылдау процесіне оқушылардың әр түрлі сезім мүшелері қатысатындығын, соның нәтижесінде, балалардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалды олардың берік қабылдауына мүмкіндік туғызатыны дәлелденеді.

Демек оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды пайдалану әрбір мектеп тәжірибесінен лайықты орын алды.



Дәрісті қорытындылау: Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлауда бала тілін дамытуда әдеби шығармалар арқылы көрнекі құралдарды пайдалану жолдары .

  1. Бақылау сұрақтары: Мектеп жасына дейінгі мекемелерде сабақ жүргізуде көрнекілік пайдалану тиімді ме?

  2. Қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлері?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Қ.Шаяхметұлы. Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қазақ тілінде оқыту мен тәрбиелеудің мәселелері-Колледждерде оқытылатын мемлекеттік тіл: тарих, бүгіні мен болашағы. Семей-2006. 19- бет

3.С.Қазыбайұлы. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту- Алматы, 1997

4.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992

5.З.Бейсембаева. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы,2002

14 –дәріс



Тақырыбы: Жазба жұмыс түрлері және оны жүргізу әдістемесі. (2сағат)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет