3 дәрістің 3ші, 5 дәріс, 6 дәрістің 3ші, 9 дәрістің 2ші, 10 дәрістің 3ші, 12 дәріс, 13 дәріс, 14 дәрістің 2ші



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,84 Mb.
#36440
  1   2   3   4   5
3 дәрістің 3ші, 5 дәріс, 6 дәрістің 3ші, 9 дәрістің 2ші, 10 дәрістің 3ші, 12 дәріс, 13 дәріс, 14 дәрістің 2ші

1-дәріс. Мемлекеттің салық қызметі.

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылды, дәріс сабағында мемлекеттің салық қызметіне жалпы түсінік берілді. Студенттер семинар сабағында мемлекеттің салық қызметінің, салық салудың қағидаларын, мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруы туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:

1. Салық салу қағидалары.

2. Салықтар қызметтері.

3. Мемлекеттің салық саясаты, мәні.



1. Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін қалаушы болып шотландық экономист, әрі философ Адам Смит табылады. А.Смиттің классикалық принциптері төмендегідей:

1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік принципі);

2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық принципі);

3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс. (қолайлылық принципі);

4. салықтан жиналған түсімнен оны жинауға кеткен шығын аз болуға тиіс (үнем принципі);

Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл процеске реттемелеуді енгізді. Салық салудың кейінгі даму барысында принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:

1. Қарапайымдылық принципі. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына шарттар орындалуы қажет:

- салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;

- бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;

- салық салуобъектісін, салық салынатын табысты немесе айналымды анықтау әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға ыңғайлы және түсінікті болғаны дұрыс;

- салық жеңілдіктері не үшін беріледі, оған қандай негіздер бар екенін дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;

- салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ыңғайлы.

2. Әділеттілік принципі. Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.

Тікелей әділеттілік принципі – салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;

Көлденең әділеттілік принципі – тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір табыс не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.

3. Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген салық ставкаларымен салыстырылып отырылуы қажет.

4. Салықтардың анықтылығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

5. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.

6. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптері негізделеді.

Салық төлеуші салық заңына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелерінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.


2. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

1. реттеушілік;

2. фискалдық;

3. қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:

-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;

-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.

Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.



3. Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін. Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттің қолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси, экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Мемлекеттің салық қызметі, салықтарды белгілеу қалай жүзеге асырылады?

2. Салықты белгілеудің тәртібіне сипаттама беріңіз.

3. ҚР-сында салықтарды қандай орган белгілейді?

4. Салық салудың қағидаларын ата.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005ж.

2. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

3. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.


2-дәріс. Салық ұғымы, элементтері және белгілері.

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салық, оның белгілері, элементтері мен түрлеріне жан-жақты сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында салықтарды есептеу, төлеу және салық тӛлеудегі жеңілдіктер туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.

Мазмұны:

1. Салықтарды есептеу және төлеу тәртібі.

2. Салықтық жеңілдіктер.

3. Инвестициялық салық преференциясы.



1. Салықтық есептеу – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен ұйымның салықтық міндеттемелері бойынша есеп айырысу ахуалын шұғыл түрде бақылау. Құжат айналымы (салық регистрларын әзірлеу) тұрғысынан оңтайлы болып табылатын салықтық есепті ұйымдастыру сіздің бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы қарызыңызды тиімді басқаруға, салықтық тәуекелдер мен қажетсіз қаржылық салдардан құтылуыңызға мүмкіндік береді. Кәсіпорында салықтық есепті орнықтыру терең кәсіби білім мен тәжірибені талап етеді.

Салықтық есепті ұйымдастыруды мамандарға сеніп тапсыру арқылы сіз бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу ахуалы туралы ақпарат алуға кететін уақытты өнемдеп қаласыз, уақытылы дұрыс басқарушылық шешім қабылдай аласыз. Сонымен қатар, сіздің ұйымыңыздың салықтық тәуекелі ең төменгі деңгейге келтіріледі. Біз өз клиенттерімізге бланктерді сатып алуға кететін, салық есептілігін тапсыру барысында салық комитетінде кезекке тұру және бланк толтыруға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береміз, себебі клиенттің электрондық крипто-кілті болған жағдайда біздің есептілікті электронды түрде толтырып, жіберу мүмкіндігіміз бар.

Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады

Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

2. Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

Салықтық жеңілдіктер

Мемлекет мүгедектерге, сонымен қатар мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдарға салық жеңілдіктерін қарастырған

ҚР СК 133 -б. 1-т. 2-тармақшасына сәйкес салық төлеуші салық салынатын табыстарды мүгедектер еңбегін төлеуге шыққан шығыстар бойынша 2 есе мөлшерге және мүгедектердің жалақысы мен оларға төленетін өзге төлемдерінен есептелген әлеуметтік салық сомасын 50 пайызға азайтуға құқығы бар.

Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыпушы ұйымдардың табыстарына, егер тегін алынған мүлік пен депозит бойынша сыйақы түріндегі табысты ескере отырып, мұндай қызметтен түскен табыс осындай ұйымдардың (бұл қызметін балаларды, қарт адамдарды және мүгедектер саны салық мерзімінде жалпы жұмысшылар санының кемінде 51 пайызын құрайтын мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары; салық жылында мүгедектерге төленетін еңбек ақы бойынша ұйымдардың шығыстары еңбек ақы төлеуге шыққан жалпы шығыс сомасының 51 пайызын ( есту, сөйлеу қабілетін жоғалтқан мүгедек жандар, сонымен қатар көз жанарынан айрылғандар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайды) жылдық жиынтық табысы кемінде 90 пайызды құрайтын болса, салық салынбайды (ҚР СК 135-б.).

I және II топтағы мүгедектердің 45 есе аз жалақы шеңберіндегі табыстарына, ал III топтағы мүгедектердің республикалық бюджет туралы заңмен (ҚР СК 156-б. 1-т. 13-14 тармақшасымен) тиісті қаржы жылына белгіленген жалақысы жылына 27есе аз шеңберіндегі табыстарына салық салынбайды,

Егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сонымен қатар өндірістік ұйымдары мына шарттарға сай келетін болса, яғни мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар-дың жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын болса, онда олардың тауар-ларды/жұмыстарды/қызмет көрсетулерді іске асыру бойынша айналымдары (сауда-делдалдық қызмет бойынша тауарларды/ жұмыстарды/қызмет көрсетулерді іске асыру айналымдарынан және акцизделген тауарларды өндіру және қызмет түрлерін сату айналымдарынан басқасы) қосымша құн салығынан босатылады; мүгедектер еңбек ақысын төлеуге шыққан шығыстар жалпы еңбекақы шығысы сомасының кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу қабілетін жоғалтқан мүгедек жандар, сонымен қатар көз жанарынан айрылғандар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайды (ҚР СК 248-б.,13- тармақша);

Сүйеніш-қозғалу аппараты зақымдалған, есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар мөлшерлемесі 4,5 пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді, ал өзге ұйымдар мөлшерлемесі 11 пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді (ҚР СК 358-б., 3-т.).

Мүгедектер, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі жеке кәсіпкерлер біраз мемлекеттік баж алымын және өзге де алымдарды төлеуден босатылған:

Мүгедектер ҚР СК 457-б., 1,2,3- тармақшаларына сәйкес мынадай алым түрлерінен:

- жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелгені үшін (заңи тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын I, II және III топтағы мүгедектерге қатысты);

- жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеуге алғаны және олармен мәміле жасағаны үшін;

- жылжитын мүлік кепілзатын, кеме ипотекасын немесе салынып жатқан кемені мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін;

- туынды құқығын және аралас құқық нысандарын мемлекеттік тіркеуге алған кезде, туындылар мен нысандарды пайдалануға арналған лицензиялы шарттарды мемлекеттік тіркеуге алған кездегі алымдардан босатылған;

ҚР СК 541-б.,12 және 17 тармақшаларына сәйкес мүгедектер мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 пайызы жұмыс істейтін олар құрған ұйымдар – өз мүдделері үшін сотқа арыз-шағым беретін кезде, сотта мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.

542- баптың 4-тармақшасына сәйкес мүгедектер нотариалдық әрекеттер жасаған кезде, мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.



3. Инвестициялық салық преференциялары - қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалануға арналған өндірістік арналымының үймереттері мен ғимараттары, мәшинелер мен жабдықтар құнының шегерімдеріне жатқызу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңи тұлғаларының құқығы. Инвестициялық салық префиренциялары карастырылған Преференциялар стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторының секциясы қарастырған кызмет түрлері бойынша беріледі;

салық салынбайтын ең төменгі мөлшер (минимум) - салық салудан толық босатылатын салық объектінің ең аз бөлігі:

табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге - халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі каржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан - пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.);

салық салынатын табыстың цүрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі үііға рымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);

салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және сальіқ бойынша бересіні есептеп шығаруда жатады. Жеңілдік кезеңі - салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты. Салық төлеушілер мен салық органдарының қүқықтары мен міндеттілік- тері - билікпен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Салық ұғымы, белгілері?

2. Салық элементтері, түрлері?

3. Өз еркімен беру және мәжбүрлі түрде өндіріп алу?

4. Салықтарды төлеуде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін.
Әдебиеттер:

1. Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005

2. Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.

3. Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

4. Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
3-дәріс. Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.

Мақсаты: Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында қарастырылған, дәріс сабағында салық құқығы ұғымы, пәні, жүйесі мен бастаулары туралы сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны мен қазіргі таңда салық заңнамасының жетілдірілуі, салық қызметімен байланысты халықаралық шарттардың қолданылуы туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:

1. Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны.

2. Салық туралы заңнаманың даму тарихы.

3. Халықаралық шарттар салықтық құқықтың қайнар көзі ретінде.



1. Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі элементтерініңбірі салық саясаты болып табылады. Салық саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік бюджеттің шығындар бөлігінің көлемін және қүрылымын анықтайды, салықтарды, олардың ставкаларын, жеңілдіктерді нақтылайды және белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, тиімсіздерін алып тастайды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік, саяси, экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді.

Мемлекет тиімді салық саясатын жүргізбей әрекет ете алмайды Қазақастан Республикасында тиімді салық саясатының дамуы мемлекетіміздің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан, мемлекет өз бюджетін барынша көп толтыруға тырысады.

Мемлекеттің салық саясатын жүргізуге қатысуы салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық базасы сияқты салық қүралдары көмегімен жүзеге асады. Мемлекет жүргізген салық саясатының нәтижелеріне экономикалық саясатқа қандай өзгерістер енгізу қажеттілігі тәуелді болады.

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты түбегейлі нарықтық өзгерістердің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Күнен күнге салық саясаты мәселелері айқын көрінерліктей саяси әлеуметтік сипатқа ие. Осы салық саясаты мәселелерін өз уақытында және дүрыс шешу саяси түрақтылықтың сақталуына, мемелекеттің егемендігі мен тәуелсіздігінің тереңдей түсуіне әсер етеді.

2. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.

Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.

ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.

Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет