5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі



бет21/26
Дата14.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#143343
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
kajimovakr 2
DOC, 492569.pptx, педагогика !!!!, Диана Садуакас. Бактерия геномы^ 2, 025790965
Өзіндік бақылау сұрақтары:
Бағдарламалардың әр тоқсан тақырыптарын ашу.
№9 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Музыка мұғалімінің кәсіби қызметтері, оның жеке тұлғалық позициясы және көркемдік-педагогикалық қызметі. Музыка мұғалімі-қоғамның көркемдік мәдениетінің қайраткері

Мақсаты:
1. Музыка сабағында мұғалімнің көркемдік коммуникативті іс-әрекеті.
2. Музыка мұғалімінің оқушылармен эмоционалды рухани байланысына жетудегі қатынас тәсілдері.
3. Музыка сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс музыкалық тәрбиені жүзеге асыруда педагогтың көркемдік- ұйымдастырушылық іс-әрекеті.
"... Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, һәм мектебі сондай болмақшы. Яғни білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы" - деп ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім еңбегіне болашақ ұрпақтың білім алу сапасы тәуелді.
Білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми - техникалық даму қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады. Білім берудің, оқытудың мазмұны оқушылардың ақыл - ойының, дене күш - қуаттарының жан - жақты дамытуымен, дүниеге ғылыми көзқарастарының қалыптасуымен және олардың өмірге, еңбекке деген дайындығының қажетті негіз болатын білімдері, іскерліктері көлемімен анықталады.
Қай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын (мазмұндық образдарды) негізге алып, түсінуді, ынта -ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек. Өлең, сурет, қимыл (би) және т.б. құралдар көмекші қызмет атқармақ.
Музыкалық білімді кең мағынада қарастырсақ, ол музыкалық шығарманың мазмұны мен талдауына қатысты мәселелердің барлығын қамтиды. Бұл жұмыстар, әрине, музыкалық шығарманы талдаумен тығыз байланыста қарастырылып, үйрену барысында бірден - бір мақсатқа айналып қана қоймай, музыканың мазмұнына неғұрлым терең бойлауға игі ықпал етуге тиіс. Бұл үшін мұғалім ертеңгі мектепке дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет