«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет13/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
Мақал-мәтелдер. Бұлар да этнолингвистикалық арнаның ең
құнарлы бұлақтарына жатады. Егер тіліміздегі 40 мыңнан астам
мақал-мәтелді фразеологизмдер сияқты жинап, жүйелеп, белгілі бір
«тірек» объектілеріне қатыстығын айқындап, мазмұнын ашып, этно-
лингвистика тұрғысынан түсіндіретін болсақ, этностың «тіл әлемі» 40
мың мағыналық бірлікпен толығып, байи түскен болар еді. Әрбір
мақал мен мәтелдің бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,наным-сеніміне т.б. катысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос болмысынтанып-білуге косар үлесі зор. Фразеологизмдер сияқты, мұнда да күрделі мәселе-мақал-мәтелдердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе, Адамға(оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, калып-
күйіне т. б. қасиеттеріне) ауысу мотивтерін (уәждерін) тап басып,
дәл айкындау, мән-жайын таратып, түсіндіру. Бір-ақ мысал: «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»
деген мақал «от басында қандай
тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге керсең, өсіп-жеткенде де соны істейсін» де-
ген ауыс мағынада бүгінгі педагогикалық тұжырымдаманың (концепг-
цияның) негізіне айналып отыр. Этнолингвистика болса, міне,
осындай құбылыстың мән-жайын түсіндіруте тырысады. Мәселен, осы
мақалдыңөзін алсак, ол — о баста қыран құстар өмірін байкаудан
туып, саяткерлер лексиконында қолданылған жай тіркес болған.
Шынында да, бүркіт өз балапандарын құз-қиядағы ұясында түлеп,
қара қанат болып ұшқанға (өз тамағын өзі тапқанға) дейін сол
төңіректегі барлық аң-құстардың, мал төлінің етімен (кейде өлек-
сесімен) қоректендіруге тырысқан. Бұл жәйт мақалада «отбасын-
дағы көрген тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі»
мағынасына баланып отыр.
Ал бала бүркіттің өсіп, қыран болғанда иісін алып, дәмін татып, құштарлана жеген аң-құстарды көбірек ілетіні» ауыс мағынасында «баланың өскенде де отбасында (семьяда) көрген үлгі-өнегесін істейтін әдетіне» айналып отыр.
Міне, осы тәрізді мағыналық өзгерістерді біз кез келген мақал-мәтел табиғатынан байқаймыз. Осы сияқты өзгерістердің тілдік тетіктері мен мотивтерін айқындап, оларды «тірек» сөздер аркылы тақырыптық топтар жүйесіне енгізу, түсіндіру тағы да сол этнолингвистиканың ең бір күрделі міндетіне жатады.

&&&
$$$002-004-001$3.2.4. 3Ауыз әдебиеті үлгілері. Жұмбақтар


Жұмбақтар. Жұмбақ табиғаты жұртқа мәлім. Ол — жастардың ой-өрісін кеңейтіп, астарлы сөздің сырын түсінуге, тапқырлыққа баулитын, тұспалдап, жұмбақтап бейнелеп, бір затты екінші бір затқа балап айту аркылы ой потенциясын кеңейте түсетін танымдық мәні зор құбылыс. Бұл жағынан жұмбақтар эвфемизмдер мен перифраздарға өте ұқсас. Мәселен: «мылтық» деген үғымды «белі бүкір, алысқа түкір» деп, «құлыпты» — «Бір итім бар үрмейтін, өзімнен басқаны үйге кіргізбейтін» деп, «түтінді» — «ұзыннан ұзақ, көкке тұзақ» деп, «диірменді» — «қараңғы үйде қабан күркірейді» деп түсіндіру жұмбақ мақсатының бір жағы болса, оның екінші жағы — оларды дұрыс байыптап, түсіне білу. Жұмбақталған объектіге (яғни сөзге, ұғымға) сәйкес сайланған баламаның мотивін тек ұлттық менталитет, этностық таным негізінде ғана айқындап түсіндіруге болады. Жұмбақты этнолингвистикалық арнада тоғысатын бұлақтардың бірі деп қарауымыздың басты себебі, міне, осы. Мәселен, «Айдалада қу қазық, мергеншіге жол азық,» деген жұмбақтың шешімі «қоян» екенін тек қазақы түсінік негізінде ғана табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет