«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет14/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
Ауыз әдебиеті үлгілері. Әр түрлі бұлақтардан бастау алып, тарамданып келіп, этнолингвистикалық кең арнаға құятын салаларға ауыз әдебиеті үлгілері де жатады. Бұларға жанры мен тақырыбы, құрамы мен кұрылымы, мазмұны мен мағынасы әр алуан болып келетін, халық жадында сақталып, рухани мұра болып, ұласып, ауысып келе жаткан: 1) авторы белгілі ақыл-накыл сездер; 2) салт-дәстүрге (әдет-ғұрып, наным-сенім, ырым-кәде, жөн-жоралғы т. б,) қатысты деректер; 3) той-томалақ, мереке-мейрамдарға байланысты рәсім-салтанат үлгілері; 4) көріпкел, сәуегейлілікке қатысты әңгімелер; 5) әзіл-оспак, артында зіл жоқ бірқақпайлар мен күлдіргі сөздер т.б. осы тәрізді «тұрмыстық жеңіл жанр» үлгілері жатады.
Бұлардың бәрі — этнос өмірінде туындап, соның өзіне ғана тән рухани, мәдени танымды бояу-накышымен тағы бір қырынан суреттеп, «тіл әлемінде» бейне бір зерде тас бөлшектеріндей жарқырап тұратын этнолингвизмдер. Этнолингвистикалық зерттеулерде олар тұлға, құрылым жағынан әр алуан — бірде жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, енді бірде шағын мәтін (текст), қысқа баяндау, өлең-жыр бөлшегі т. т.— болып келсе де, «тірек» сөз арқылы негізгі және туынды мағыналық бірліктерге (атауларға) қатысты әр түрлі такырыптық топтарда сипатталуға тиісті. Бір-ақ мысал: негізгі атауды «сүмбіле» десек, оған қатысты ел жадында сақталған «сүмбіле ұзын болса, көктем де ұзаққа созылады» деген болжам-мәлімет келтіріп, неге олай деуіміздің мән-жайы түсіндірілуі тиіс. Міне, «ауыз әдебиеті үлгілері» деп аталатын сала «тіл әлеміндегі» ең бір ауқымды да информативті байлыққа жатады.

&&&
$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



    1. Этнолингвистикалық арналар дегеніміз не?

    2. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың халық болмысын, табиғатын айқындайтын сипаттары қандай?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет