«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


г) Халықтық өлшемге қатысты ТТ



бет24/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

г) Халықтық өлшемге қатысты ТТ
Қазақ халқының тарихи өмiрiнде орын алған iс-әрекеттер мен белгiлi бiр күнделiктi тұрмыста тұтынатын заттарына‚ еңбек құралдарына т.б. өз тұрмыс-тiршiлiгiне сай өлшемдiк ұғымның орнығуына байланысты қазақ тiлiндегi өлшем мағынасындағы сөздер мен сөз тiркестерi қалыптасқан. Қазақ дәстүрiнде қалыптасқан уақыт‚ кеңiстiк, қашықтық‚ көлемдiк‚ сандық‚ салмақтық т.б. толып жатқан өлшемдiк ұғымдар кейде ӨБТТ арқылы да сипатталады.
Уақыт өлшемiне қатысты ТТ:Көшпендiлер әулетi үшiн шаруаның арқа-басы кеңiп аққа аузы тиген‚ қардың ерiп‚ көктiң шыға бастайтын кезi‚ яғни көктiң шығуы уақыттың объективтi критериi болып саналған. Мысалы, көк шықты‚ көк дүркiредi‚ шөп жетiлдi‚ шөп қуарды. Кез келген өсiмдiктердiң көктеп жер бетiне қылтиып шығуынан бабына келiп пiсуiне дейiн тиiстi мезгiлi болатын көк шөп айлық‚ үш айлық‚ үш айдан соң шошайдық тiркесiнен көруге болады. Сол сияқты кезеңдiк жұмыстың уақытын бiлдiретiн: пiшен шауып жатқанда; егiн орғанда‚ ал қазiргi жарты сағат мөлшерiн бiлдiретiн тiркеске шай қайнатым сияқты сөз тiзбектерi жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет