«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


ж) Хайуанаттар дүниесiне қатысты ТТ



бет26/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

ж) Хайуанаттар дүниесiне қатысты ТТ
ӨБТТ-дiң мағыналық тобын қарастыра отырып‚ қазақ халқының ғасырлар бойы тұрмыс тiршiлiгiмен сабақтас болып келген күн көрiсi: азығы‚ киiм-кешегi‚ құрал-жабдығына айналған төрт түлiкке‚ сахара төсiн ен жайлаған аң-құсқа‚ суын мекендеген балығына‚ оларды сипаттайтын бейнелi сөз өрнектерiне тоқталмай өту мүмкiн емес. Тiлiмiзде жануарлар дүниесiне қатысты туындаған ТТ:
Төрт түлiкке байланысты ТТ жылқы малына қатысты (26) ТТ жиналды. Мысалы, андызды жерде ат өлмес; қашағанның шөбiн жұтқызбау; атты арпамен айда; ат раң етiн алды; көлдiң көркi -құрақ‚ жiгiттiң көркi-пырақ т.б. Қой-ешкiге қатысты (19 Т.Т.): шыбынды шыбықпен айдаған‚ шыбышты сырықпен айдаған; ақсақ қойдың аузына жел айдаған қаңбақ түсер; қыста қойыңды бақ‚ жазда шөбiңдi шап; шетендi қой төлдi болар т.б. Құстарға қатысты (20) ТТ: Әр құс өз үнiмен сайрайды‚ әр гүл өз түсiмен жайнайды; бұтаққа құс қонар‚ мақтаулыға сөз қонар; торғай қаққан тарыдай; саясы жоқ дараққа бұлбұл қонбайды; бозторғай момынсып жүрiп‚ бiр мойын тарыны тауысады; қарағай бойы қар жауса‚ жұтамайды сауысқан; көкек қонбас‚ көкпек шықпас жер т.б. Аңға қатысты (16) ТТ: Ердi намыс‚ қоянды қамыс өлтiредi; заманына қарай заңы‚ тоғайына қарай аңы; бөлтiрiктi қанша асырасаң да‚ тоғайға қарай ұлығанын қоймайды; тауына қарап тоғайы‚ шошқасына қарап торайы; бөрiнiң /табысы/ ортақ‚ құзғындiкi ағаш басында; жылан жалбыздан қашады‚ жалбыз аузын ашады; тасбақаның аузынан шөп алған адам; бақа оты; тышқан құлақтану /тарының тебендеп шыға бастаған кезi/. Итке қатысты (6) ТТ: Шөп қорыған ит; ит түйнек /пiспей жетiлмей қалған қауын қарбыз /иттен сауын болмас‚ иттүйнектен қауын болмас; көп жортқан ит күшалаға жолығар; жақсы болса жаужұмырды /шөл‚ шөлейт жерлерде өсетiн көп жылдық шөптесiн өсiмдiк/ ит жей ме? т.б. ғ) Балыққа қатысты (5) ТТ: Қарағай басын шортан шалды; балықты көлде балдыр көк‚ балдырды құртсаң балық жоқ т.б.
Халқымыз жан-жануарлардың мiнез-құлқын‚ дағдысын ұқыптылықпен сұрыптап‚ терең түсiнiп‚ оларды адамның әр қилы әрекетiн меңзей айтатын даяр қолданыстарға айналдырып‚ ТТ ретiнде тiлдiк қолданысқа енгiзгендiгiне жоғарыда келтiрiлген мысалдар дәлел.

&&&
$$$002-008-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Тарихи оқиғаға қатысты қалыптасқан тағы басқа қандай тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді білесіз?

  2. Қазақ тіліндегі уақыт, кеңістік өлшемдерінің негізгі ерекшеліктері неде?

  3. Сөздің құдіреті, тілдің қасиеті туралы қандай этнолингвистикалық бірліктерден байқауға болады?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет