«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет28/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Қазақтың тарихи қалыптасқан дәстүрлi шаруашылық кәсiбi – көшпелiлiкке негiзделген мал шаруашылығы екенi белгiлi. Осы шаруашылықпен айналысу, осыған сай еңбек тәжiрибесi, әдетi, салты, мiнез-құлқы, бiр сөзбен айтқанда рухани келбетi, сол негiзгi кәсiбiнен туындайды.
Қой шаруашылығы қазақтың көшпелi шаруашылығының негiзi болып табылады, кең байтақ жердiң шөбi мен суын тиiмдi пайдаланудың ең бiр ұтымды тәсiлi. Әрине, қойдың күйлi болуы қойшыда, оның өрiстi дұрыс таңдай, жақсы шөптi тани және сол шөптi құнарлы кезiнде қойына жегiзе бiлуiнен, қойдың табиғи қажетiне сәйкес дұрыс кесте жасай бiлуiнен. Қойдың күйi құмалағынан бiлiнедi: егер қойдың құмалағы жатқан жерiнде құрғақ болып, шашылып жатса, қойдың бабы ойдағыдай болмағаны. Керiсiнше, құмалағы ұйысып, бiрiне-бiрi жабысып жатса, қойдың күйiнiң жақсы екенiн бiлдiредi. Сондықтан, малдың өрiске өз еркiмен барып, өз еркiмен жайымен жайылып қайтуы оңды. Малдың бабын бiлмегендiктен, шұрайлы өрiстi дiттемегендiктен, тәжiрибесi аз немесе өз жанын күткен шопан қойды үркiтсе, тез айдаса, итпен қуалап, иiре берсе, мал қатты терлеп жатын орынға аш оралады. Сол үшiн өрiстегi қой өз еркiмен тарыдай бытырап, алаңсыз жайылмаса, күн бата өрiстен өз еркiмен қайтпаса, малдың тойынбағаны. Тiптi, малдың шетi жайылса да, орта шенiндегiлер ылғи да шала құрсақ қайтады. Шетi өрiстей бергенде, ортасы шұбырынды болады. Әсiресе, кезi кеп сәтi түскенде, яғни сасыр басы сарғая, ел көшедi жайлауға дегендей көшi-қон кезiнде ұзақ жерге шұбыртып, үркiндi ғып, қатты айдау, қой, қозыны титықтатып, күйiн кетiрiп жiбередi. Оты нашар, асфальт жолдың бойын ала жан-жақтан қаумалай атпен құрықтап, итпен қуалай, шулай айдаған мал шұбырынды болады. Не шөпке жарымай, не қанып су iше алмай, ұзақ айдау көрiп, шаң қапқан малдың өзi де, төлi де екi бүйiрi түсiп, солықтап, өкпесi қабынады. Мал шығыны болады. Осындай шұбырындыдан болатын шығынды қазақ халқы өте ауыр дерт қатарына жатқызады [67.37]. Малдың осы жағдайын тап басқан дана халқымыз Бидайды қуырған, малды шұбырған құртады деп бiр-ақ сөзбен тұжырымдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет