«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін


$$

«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін

2-010-000.2.10 Дәріс №10


бет30/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10.
Тақырыбы:Шығыс қазақстан аймағындағы этноаталымға қатысты топонимдердің этнолингвистикалық сипаты

  1. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы .Этноаталымға қатысты топонимдерді тарихи-мәдени және этнографиялық аспектіде қарастыру

  2. Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды кезеңге бөліп қарастыру

  3. Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этноаталымға қатысты қалыптасқан топонимдердің этнолингвистикалық сипаты

&&&
$$$002-010-001$3.2.10.1Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы .Этноаталымға қатысты топонимдерді тарихи-мәдени және этнографиялық аспектіде қарастыру.


Қазақ ономастикасының құрамдас бөлігі қазақ тіліндегі жер-су атаулары да қазақ халқының ғасырлар бойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігері. Себебі күнделікті өмірде мыңдаған топонимдер тілдік қолданыс барысында қарым-қатынасқа түсіп, әрбір адамның өмірінде белгілі дәрежеде қызмет атқарады.
Қазақ тіліндегі топонимдік аталымдар көптеген ғалымдар еңбегінің зерттеу нысаны ретінде де алынып, болмаса зерттеу тақырыбының аясында бірнеше аспектіде қарастырылып келеді. Қазақтың географиялық атауларын қарастарған Г.К. Қонқашпаевтың, Т. Жанұзақовтың орындауында жарық көрген айтулы еңбектің бірі – 300 топонимнің мән-мағынасын ашып, түсініктерін, этимологиялық негіздерін көрсеткен көлемді «Атажұрт» атты еңбегін; Көкшетау өңірі топонимдерін лингвистикалық тұрғыдан саралаған О.А. Сұлтаньяевтың; Оңтүстік Қазақстан топонимдерін тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеген Қ. Рысбергенованың, Шығыс Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі тау аттарының тілдік, экстралингвистикалық, этномәдени сырларын ашып, талдаған Б. Бияровтың, сондай-ақ Қазақстан топонимикасын іргелі түрде зерттеген, кандидаттық, докторлық диссертациялар, сөздіктер монографиялар дайындаған топонимдерді шығуы мен дамуы, қалыптасуы тарихынан және этимологиялық аспектіде қарастырған Ә. Абдрахмановтың және т.б. ғалымдардың еңбектерін халықтың тарихи жадынан өлшеусіз мәлімет беретін қайнар көз екендігін атап өтуге болады. Дегенмен, Шығыс Қазақстан аймағындағы этнотопонимдерді арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырған Ә. Абдрахмановтың «Қазақ этнотопонимикасы» тақырыбындағы еңбегінен басқа зерттеу жұмысы жоқтың қасы.

&&&
$$$002-010-002$3.2.10.2Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды кезеңге бөліп қарастыру


Шығыс Қазақстан аймағындағы кейбір этнотопонимдік аталымдарды бірнеше кезеңге бөліп, бірінші, жоңғар шапқыншылығынан кейін қойылған атаулар деп қарастыруға болатын сияқты. Мысалы, Майлының шаты, Майлыекең шаты, Қабанбай шаты, Садыр көлі, Майлы төбесі, Үлкен Майлы, Кіші Майлы атты жер атауларыныңболуы сол кез тарихынан хабар беріп тұрған дереккөздердің бірі. Халық жадында Қабанбай мен Боранбай батырлардың серігі Майлының жерленген жері, зираты және соған қатысты жер атаулары сақталған. Бүгінгі Ақжар елді мекенінен 60 шақырымдай жерде, тау ішінде қазақ-жоңғар соғысында қаза тапқан жауынгерлер жерленген қорымның шетінде тұрған Майлы батырдың зиратын жергілікті халық көрсетіп бере алады және сол маңдағы екі асу «Үлкен Майлы», «Кіші Майлы» деп аталатынын жазады өзінің «Тағылым» атты еңбегінде Қарпық Егізбай. Ұлан ауданының жеріндегі атақты Сібе көлдерінің (бес көл) бірі «Садыр көлі», ал оның жанындағы төбе «Майлы төбесі» деп аталады. Олардың неге осылай аталғандығын сұрағанда жергілікті тұрғындар, бұл жерде Қабанбай бастаған қазақ қолы жоңғарлармен қиян-кескі шайқасқа түсіп, қазақ әскерінің тегеуіріне төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңіліп, қашуға мәжбүр болған дейді. Соғыс аяқталғаннан кейін Майлы батыр бес көлдің біреуінің жанында әскерімен бірнеше күн еру болыпты. Сол күндері батыр көл жанындағы төбенің басына шығып, азат етілген әсем өңірге шаттана көз тастайтын көрінеді. Халық кейіннен ол кісі шығып жүрген төбені «Майлы төбесі», жанындағы көлдердің бірін «Садыр көлі» атандырған көрінеді. Майлы батыр Найманның Төрт Төлегетай тобына кіретін Садыр руының анда табынан шыққан. Майлы Жанақұлы 18ғ. Қазақ-жоңғар соғысы қаһармандарының бірі, бүкіл садырдың ұранына айналған [89, 55]. Ата-баба жерін жаудан азат еткеннен кейін де қаншама жерге айғақталатындай атаулар қойылып жатты.«Біздің тобықты мұнда келген кезде, бұрын келіп, қалмақты қуған найман, матайлар Шыңғыс бөктерінде екен, уақтар Ертіс жағасында екен. Тобықтыны азып-тозып келген ел деп, матайлар малына зорлық қыла берген соң, тобықты матаймен жанжалдасып бұрынғы арғынның ата қонысы Шыңғысты өзіміз аламыз деп, матайды қуып, Шыңғысқа орнықты», – деп көрсетеді Шәкәрім қажы [90, 82].Матай, сыбан, тобықты арасындағы даулы территория Кеңгірбай би, Құнанбай қажы беделінің арқасында соңғыларының пайдасына шешіліп отырғаны көпшілікке мәлім. Бұл деген сөз – жаңа қоныстанған жерге жаңаша атау беру деген сөз. Сондай бір гидроним – Ділдә өзені. Құнанбайдың бұл жерге атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің шөпшегінің, яғни өз келінінің атын қоюының түбінде уақыт өте келе әйтеуір бір туындауға тиіс даудың алдын алудың алыстан ойластырылған шарасы жатыр. Себебі, кейін наймандар жер даулап, билер сотына жүгінетін болса, аз ата тобықтымен емес, қабырғалы арғынмен сөз ұстаспақ. Бұл жерде әр нәрсені арыдан ойлайтын Құнанбай бірінші кезекте осы деректі ескеріп, өзенге ұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәның атын әдейі бергізіп, жер иеленудің, өзен бойын иеленудің шешуі қиын қисынын кейін дау тудырмайтындай етіп реттеп қояды.
Екінші, жер дауына байланысты шыққан географиялық атаулар деп қарастыруға болады. Шаған өзені бойын иелену үшін болған тайпааралық қақтығыстарға байланысты шыққан жер атауларын көптеп келтіруге болады. Мысалы: Қарабас батырдың бейіті, Жанан батырдың көз жасы, Шор қашқан, Шор шапқан, Кеңгірбайдың тас үйгені т.б. Берілген атаулардың соңғысына тоқталсақ, жерге байланысты рулар арасындағы бақайластықтан туған қақтығысты көреміз. Кеңгірбай би (тобықты) тарақты, керейден жерін алған соң, керейге қолданған әдісін қолдана отырып, біртіндеп уақтар алған жерді босатып ала береді. Доғалаң, Шұнай, Аршалы, Ащысуды босатып, уақтардың бір шетін Семейтау, Көкенге, екінші шетін Тышқаннан асырып қуып тастайды. Осы тұста әбден мезі болған әрі қалған жерінен қауіптенген уақтар бітім жасасуды сұрап, екі жақ күнін белгілейді. Бірақ Кеңгірбай бітім болатын күнге қарсы түнде өзі бастап барлық азаматтарын ұйымдастырып түйеге тас артып тасып, Көкеннің күншығыс жағындағы Семейтаумен екі ортадағы қоңыр дөңге көп қылып кісіге ұқсаған оба соқтырады. Оның арасына бірнеше салт аттыға буылған қарағанды сүйреттіріп жүргізіп қояды. Сол қалың шаңның ішіне өркешті түйелерді ары-бері дамылсыз айдатып отырады. Таңертең уақтар қараса, қарсы жақтағы төбе басы қаптаған адам, будақ-будақ шаң. Мұны көрген уақтар: «Кеңгірбай бізді алдап түнімен бүкіл арғыннан қол жинап әкелген екен. Бізді шаппақ қой», – деп ойлап қонысын тастап қашады. Сол жер осы күнге дейін «Кеңгірбайдың тас үйгені» деп аталады [91, 58].Жоғарыда келтірілген мысалдардан топонимдік атаулардың көп жағдайда қай руға қарасты екендігін аңғарамыз.
Үшінші бір топонимдер ерен еңбегімен немесе бойындағы ерекше қасиетінің ел арасына таралуына қатысты халықтың жадына сіңісті болғандықтан тарихта қалған атаулар болып табылады. Мысалы: Кененің өретасы– Кене (сегіз ағайынды Жәментіктің үлкені) (тума) ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдарында Россия-Цинь империяларының шекара жігін белгілеуге қатысқан билердің бірі. Оған осы үшін Қызай жерінен «Кененің өретасы» атанған арнаулы қоныс сыйға берілген (найман) [92, 33].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет