«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет38/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Мәшһүр Жүсіп, Қойшығара Салғарин және т.б. деректері негізінде қыпшақ анасының сынына тоқталайық: «Бес таңбалы Қыпшақтың аналары айтқан екен» – деседі:
- Ұзын бітті бойыма, ерлік, батырлық толды үйіме; Бұлтың бітті бойыма, көптік толды үйіме; Торы бітті бойыма, кемшілік толды үйіме; балық бітті бойыма, байлық толды үйіме; көлденең бітті бойыма, сауда кірді ойыма [122, 33],– деп айтыпты-мыс дейтін аңыз-әңгіме бар. Бұл аңыз-әңгіме шамасы Ор, Аят, Тобыл, Торғай, Қабырға өзендерінің бойын мекендеген қыпшақ руларының кейінгі тірлік-болмысынан алынған тәрізді. Шындығында да, ұзын қыпшақтар арасынан батырлар мен алып күш иелері көп шыққан. Бұрынғыларын айтпағанның өзінде, кешегі Амангелді Иманов, күш атасы Қажымұқан осы Ұзынның ұрпақтары. Торының ұрпағы көп болған. Көлеміне сенген елдің көршісіне зорлық көрсететіні ерте кезде болып тұрғанын тарихтан да, тарихи әдебиеттерден де кездестіруге болады. Осыны дәлелдегендей, ел ішінде Торымын, Құдайдан басқаның зорымын деген сөз де бар.
Бұлтыңдар мен Көлденеңдер орыстармен ертерек араласқан. Заң-зәкүнді біліп, сауда-саттықпен айналысқан. Ішінен елге танылған есті азаматтар шыққан. Ел аузында өнегелі сөздері қалған атақты Мұғал би осы бұлтыңнан.
М.Тынышпаев еңбегінде берілген кесте бойынша Көлденеңнен Қарааспан және Шуманақ, Қарабалық жөнінде анасы: «Қарабалық бітті бойыма, байлық кірді ойыма» деп айтыпты десе, енді біреулер оны: «Қарабалық бітті бойыма, ойын-сауық кірді ойыма» деп айтыпты деп түзейді. Қайсысы дұрыс, оған төрелік айту қиын. Ойын-сауық жөніне келсек, үлкендердің айтуынша, қарабалықта өнерпаздар көп болған. Атақты Өске ақын, сауықшыл Наурызбай билер осы Қарабалықтың Танабұға деген атасынан[142, 48].
- Шаншар Келдібектің бәйбішесі Тоқмейілден алты ұл туыпты. Оларды жұрт «ақсақтың алтауы» деп атап кетіпті. Келдібек 30 жасқа дейін үйленбей бойдақ жүріпті. Себебі, Келдібектің үшінші атасы Бұлбұл деген кісі: – Сен ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің ұзын бойлы сары қыз, оң жақ аяғының азырақ ақсағы, оң жақ бетінің құлағының түбінде танадай меңі, екі емшектің арасында алақандай қалы болады. «Ә» деп көзіңе түскенде самалдан жел соққандай көзің мен көңілің үйіріле түседі. Осы қыз кездескенше, ешкімге қарамайсың! – деп аян беріпті-мыс.
Бірінші Қазыбек туғанда анасы: Айналып-толғанып өсірсем, Ақ сүтімді кешірсем, Адалдан болар нәсібің, Тіліңнен болар кәсібің!; екінші ұлы Сәдімбек туғанда анасы: Осы, шіркін, ызақор болар, бір емшегімді еміп отырып, көңіліне бір нәрсе ұнамаса, екінші емшегімді тырнап тастайды. Анасының осы айтқаны айнымай келіп, кейін қуандық, қаракесек болып Нұра өзеніне таласыпты. Даудың дерегі ретінде сол жердегі бейітті тілге тиек етіпті. Сол бейітті ертеңінде Омбыдан келген жандарал келіп көрмек болады. Сонда бейіттің басында қонып отырған Сәдімбектің ауылы сол бейітті бұзып, кірпішін бір сайға тастап, орнын тегістеп қой түнетіп жіберіпті. Сондықтан жандарал қуандық пен қаракесекті Нұраның суына ортақ қылып, бөліп беріпті. Содан ел «мола бұзған Сәдімбек» деп атап кетіпті. Ел адамдары анасының айтқаны айнымай келді дейді. Үшінші баласы Асан туғанда: Осы шіркін даңғой болады-ау! Олай-бұлай жүгіріп, отқа, суға да түсе береді, – депті. Бір күні ауылда жайбарақат қымыз ішіп отырғанда, ауылдың үстінен құйын жүріп кетеді. Сонда қымыз ішіп отырған Асан ауылының жігіттері «аттан» салып, жау қаптап кетті деп жабыла шауып, ел қырылып қала жаздапты. Кейін оның ұрпақтарын «Құйынға шапқан Асан» анасының айтқаны айнымай келді деп, күлкіге айналдырып жүреді. Төртінші баласы Балапан туғанда анасы: Осы шіркін шешен болады-ау! – депті. Жылағанда таңдайынан мөр көрінеді екен. Балапан шешендікпен 18 жасында би болыпты. Бесінші баласы Үсенге анасы: Осы шіркін кербез болар, – депті. Үсен қолына күйе жұқса қолын шошайтып, денесіне жуытпай кешке дейін жылайды. Мұның кейінгі ұрпақтары кірпігіне кір жуытпайтын шытырайған сәнқой болады. Бұған да анасының айтқаны келді дейді кейінгі жұрт. Алтыншы баласы Бөденеге анасы: осы шіркін батыр болады! Емшегімді сорғанда сүйек-сүйегімді солқылдатады, – дейді екен. Бір жастан асқан соң, бұлқынып жылағанда өгіздің терісінен істелген қол бау шыдамай үзіліп қала береді екен. Кейін ол Қазыбектің жан шақ келтірмейтін батыры болыпты. Бір кіндіктен тараған ұлдардың ел ішінде танымал болғандығына байланысты айтылады [102, 45-46]. Жоғарыда айтылған ана сынына қоса ертеден келе жатқан ескі әңгіменің бірінде қазақтың ортаншы ұлы Бекарыстың бәйбішесі алты баласына сипаттама берген:
Арғын бітті бойыма, кісілік кірді ойыма.
Қыпшақ бітті бойыма, ән-жыр кірді ойыма.
Найман бітті бойыма, батырлық кірді ойыма.
Қоңырат бітті бойыма, сахилық кірді ойыма.
Уақ бітті бойыма, сауап кірді ойыма.
Тарақты бітті бойыма, тауап кірді ойыма [143, 49], –деп бағаберген екен әрі бұл сөз дүние есігін ашқан әр пенденің бойына жазған өз несібесі бар деген мағынаны береді.
Жалпы қазақ халқы болашақ ұрпағын дүниеге әкелер әйел баласын – тұтасқан қазақы таным, тағылым, болмыс негізін сарқылмас қуатты арнасының рухани тіні ретінде қалар әз ана деп бағалаған. Тарих беттерін аударыстыра отырса, ғибраты мол дүниелер кезігері иланарлық. Мысалы, Арғын бүлінсе Әйбикеден, Найман бүлінсе Жәмбикеден, Үйсін бүлінсе Күнбикеден–бұл осы үш қыздың жатыры аса текті болғандықтан, осы үшеуінен тараған ұрпақтың нағашысына тартып кетпесе деген қауіптен туған тіркес. Қызылбас деген елдің ханы Қатағанның ордасын Назар (Найман) батыр талқан етеді. Осы ерлігі үшін оған Қатағанның Жәмбике атты сұлу қызы беріледі. Қатағанның Айбике атты бір қызы Арғын еліне, Күнбике атты үшінші қызы Ұлы жүзге ұзатылады. Осы оқиғаға байланысты қазақтың үш жүзіне кең тараған сөз қалған [144, 15].Қатаған елінің қыздары жайлы М.Тынышпаевта: «...аргынские батыры после одного набега на народ катаган делили между собой пленных дев, которых было сорок; при этом Чанчар взял Нурбике, Карпык – Дәулетбике, Байборе – Оразбике, а род Тобыкты – Конырбике. Это были дочери вожаков народа «катаган» [96, 158].Ал Шәкәрім шежіресінде атамыз Сарымен бір туысқан Әлі деген: «...Есім хан қатаған елінің ханы Тұрсынды өлтіріп, Айбике, Нұрбике, Қоңырбике деген Тұрсын ханның қыздарын, қанша нөкер һәм жасау, жолдастарыменен алып келген соң, ағасы Сарыға Қоңырбикені беріпті. Сол Қоңырбикеден біздің сегізінші атамыз Кішік және Мәмбетсопы туыпты» [90, 78], – деп көрсетуі жоғарыда аталған тұрақты тіркестің негізінде болған оқиғаның жұқанағы жатқанын бажайласақ және қатаған елінің қыздарының екіден-үштен емес, ондап қазаққа ақ некелі жар болғанын көруімізге болады. Сонымен қатар, замана ағымына қарай сол дәуір қыздарына тән қасиет – қай жерден дәм-тұз бұйырып, тағдыр-талайына жазған жерді – алтын босағасына балап, өзі келін болған әулетке елін, жерін ада қылып, ақ ниетімен келетін болғаны – сол заманалардың ардақ тұтар асыл, киелі қасиеттерінің бірі, яғни ағайын арасының татулығы, көп жағдайда, әйел адамның парасаттылығына да байланысты екенінін тағылым ететін сөз.
Еліміздің егемендікке қолы жетіп, рухани өмірінде ұлттық үлгі түлеп, өрістей бастаған сәтте ол жаңаша мазмұн, мән тауып байи түсуде. Саяси шектеу кезінде жойылуға айналған асыл мұралар айқындалып, аяулы есімдер құрметпен атала бастады. Ұрпақтары өз ата-анасын мақтанышпен атап, олардың өнегелі үлгісіне ұқсауды мұрат етуі – ұрпақ жалғастығының бір дәргейі және ұлттық тұтастықтың бөлінбес бөлшегі – салт-дәстүр, тарих қойнауынан үзілмей келе жатқан сөздік қордың уызды мәйегі – ру-тайпа, оның табы, танымал адамдарына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер де қасиетті мүддеден шығар асыл мұраның бірі.Халқының тағдыры үшін қашан да қаймықпай сөз бастаған шешен, жалтақтамай жол бастаған көсем, көрегендікпен ел бастаған дана осындай сұңғыла аналардан өмірге келгені жалтармас шындық және рухы қазақы топырақтан жаралған аналар әлі де талай сын айта отырып, баласының болашағын болжай отырып, дүниеге ұлтының намысын ту ететін кемеңгер әкелері хақ.

&&&
$$$002-013-100$Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер



        1. Сыншы сөзінің мәнін түсіндіріңіз?

        2. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» мақалының мәнін қалай түсінесіз?

        3. Қазақ арасындағы аналардың, әйелдердің, қыздардың ерліктері көрінген тарихи оқиғаларды атаңыз?

&&&



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет