«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет35/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА

Қазақ өмірінде аузы уәлі деп саналатын атақты адамдардан іздеп жүріп «бата» алу дәстүрі қазіргі күнге дейін жалғастығын табуда. Мысалы, арғында Әлтеке Дос батырдың 7-8 жасар немересі Жидебайға түсінде атасы аян беріп: «Алашқа аты шыққан Қабанбай батырдың барып батасын алып қал», – дейді. Осы ретпен Қабанбайдан бата сұрап келген балаға Қабанбай: «Жарайды балам, түнде түсімде Дос батыр айтып еді», – деп, батасын береді: «Төрт киелі алмажайым бар еді, біреуін саған байладым, ал балам», – деп, Қабанбай батыр жорыққа аттанып кетеді. Сөйтсе, төрт алмажайының бірі қызыл түлкі дегені болады екен. Сонысын беріп кеткен екен... Абылай хан үш жүздің баласы қазаққа хан болғанда Әлтеке Сарым Жидебай атақты батырының бірі болып, Абылай ханға қолбасы болған екен. Бір жаққа аттанарда, қосын жүргізерде Үйсіннен ақ шабдар атты алғызып, Әлтеке Сарым Жидебайға мінгізеді екен. Жидебайға айсыз қараңғы түн тал түстей жарық, боран-соран ашық күндей, жан таба алмаған жерді көріп қойғандай табады екен. Біреудің пышақ, шақпағы бара жатқанда қалған болса, айсыз қараңғы түн болсын мейлі, жауын-шашын, боран болсын мейлі, жүріп келе жатып, найзасын шаншып тұра қалып, ал осы жерді қарай ғой дегенде, қалған-құтқан нәрсесін тауып алады екен. «Сен осыны қалай табасың?» – деп, сұрағандарға, жан сырын айтпайды екен. Абылай хан: Осының қызыл түлкісі бар, ұйықтап жатқанда, қойнын ашып қарашы», – деп, біреуге қадағала деп тапсырып қояды. Сол адам аңдып жүріп, қарауылда елсіз далада жатқанында ақырын басып барып қараса, өңірінің астында, төсінің үстінде жатқан қызыл түлкіні көріпті. Түлкі жалт қарағанда, үрейі ұшып, қаша жөнеліпті. Қайыра келіп көргенін айтыпты. Көргені бар болсын, екі көзіне шел қаптап кетіп, көзінен айырылыпты», – деген аңызды Мәшһүр Жүсіптен оқимыз [123, 37].Біз бұл мысалдан сөз құдіретінің, сөз магиясының ұлылығын көреміз. Сөздің сиқырлы күшінің құдіретін сезіне білгендіктен адамдарды желеп-жебеп жүретін тілек пен бата сөздері көпшіліктің санасына суггестиялық ықпалын тигізеді. Ю.Липс магиялық сөз құдіретіне байланысты өзінің пікірін былай тұжырымдайды: «Магия слова в наиболее яркой своей форме проявляется тогда, когда угрожающего жеста вовсе не делают и он заменяется исключительно живой речью» [124, 209].Тіптен, сөз магиясының құдіретіне соншалықты иланған адам, қарғысқа ұшырадым деп, өзін іштей азаптап, «жанын жегендіктен» де жоғарыда айтылғандай су қараңғылыққа ұшырауы. Қазақ халқының сөз құдіретіне үлкен сеніммен қарағанының бір көрінісі – бата сөздерінде. Кейінгі кездері бата беру, бата сөз жанрына қатысты белгілі фольклорист Едіге Тұрсынов Джеймс Фрезердің пікіріне сүйене отырып, көптеген батырлар жырында кездесетін бата сөз жанрының негізі – жорыққа кетіп бара жатқан адамның бойына күш-қуат беретін, жамандықтан қорғайтын сөз құдіретінің күшіне деген сенімнен туындағанын өзек етеді [125, 457]. Сонымен қатар, ҚСЭ-да: бата – қазақ халқының ғұрпында адал ниет, жақсы тілек білдірудің бір түрі. Өте ерте заманнан атап бата беру кейде өлеңмен, кейде тақпақ, қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата беру, бата алу салтында күнделікті өмірдің пайдалы жағын салыстыру сипатымен қатар анимистік-магиялық наным-сенімдердің элементі кездеседі. Белгілі бір істі бастауда, жолға, жорыққа, аңға шығар алдында белді, беделді адамнан немесе әз ақсақалдан бата алуда осы екеуінің де ізі бар екенін көрсетеді.
Бата беру, бата сұрау ұлттық дәстүрге айналып, тотемдік, магиялық сенімдердің негізінде нығайды. Бата сұрау кезіндегі екі қолды көкке жаю, тілек тілеп болған соң «әумин» деп бетті сипап, қайыру берілер жақсылықты қабылдап алдым, бойыма сіңіріп алдым деген магиялық ұғымды қалыптастырған, яғни жеті қат көктен келетін оң өрісті бойға дарыту. Жақсы тілекпен берілген бата адамның өзегін тіктер күш-жігер, қайрат үстейді.

&&&
$$$002-012-001$3.2.12.3Қазақ ескіліктері


Ұлт – тіл – мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, ата-баба дәстүрін, салтын бойына сіңіре отырып, дәуірден-дәуірге құндылық ретінде таралып келе жатқан біздің зерттеу нысанамыз қазақтың ескіліктері де тіл мен мәдениеттің, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің байланысын бейнелеп, халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктерін анық көрсетіп отырады. М. Әуезов өзінің «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде: «Қазақ әдебиетіне көз салып жүрген адамдардың алдына ескіліктің нобай суретін қалқитып беруге жараса, өз міндетін атқарғаны деп білеміз. Алғашқы істің мақсаты сол болғандықтан бұл қызметтің тұсындағы қолданған әдісіміз: ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тілінде шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әр дәуірден қадау-қадау қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан ескіліктің желісін созып шығу болды. Қазақ ескілігін тексерген тұңғыш қызметте біздің көздеген мақсатымыз: әуелі қазақ елінің өз қанынан туып, өз сүтімен өскен ескіліктің ұлы денесін тұрғызып алмақшы болдық... Қазақтың ежелгі ескілігі бұл уақытта ешкімнің де есінде жоқ. Сол себепті алысқа ұзатып кеткен заман туралы, қай тарихшы сөйлесе де нобаймен, долбар сөзбен айтады. Дәлді мағлұматтың болмайтын себебі: қазақ ескілігінің жазу күйінде сақталып қалған белгісі жоқ. Қазақ елінің ішкі өмірі екі үлкен дәуірге бөлінеді. Бұның біреуі – ісләм діні кірген соңғы мезгіл. Екіншісі – содан арғы ескі дәуір. Бұл дәуірдің біздің заманымызға жеткен белгілері болса, елдің кейбір әдет-салтында, өлең, жырында, ескілікті ұғымында қалған белгілер болады»[129, 11], – дейді. Демек, тілімізден көрініс тауып, ұлттық сипатқа ие болып келе жатқан қазақтың ежелгі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының алуан үлгілері «ескіліктер» терминін иеленгендігін көреміз.
Олай болса, біздің қазақ ескіліктерін қарастырудағы негізгі нысанымыз бата және тілек сөздерінің де аталып отырған әдет-ғұрып, наным-сенімдер қатарынан орын алып, ескіліктердің тілдегі айрықша көрінісінің бірі екендіктері айқын танылады. Атап айтқанда, арғын болсаң алтай бол, найман болсаң матай бол, алшын болсаң адай бол, ол болмасаң, мейлің, Құдай бол!- әр іргелі рудың ішінде сауырлысы болса керек, яғни арғында – алтай, найманда – матай, алшында – адай, яғниәркім белгілі дәрежеде өз елін, өз жерін мақтан тұтады дегенге саяды [130, 43].Қазақ болсаң керей бол, алты алашқа мерей бол! Жоңғар шапқыншылығы кезінде Абылай ханның тұсында керейлер ерекше көзге түседі. Жәнібек Бердәулетұлы керей сарбаздарын бастап, жоңғар соғысы кезінде неше мәрте ерлік көрсеткен, елін, жерін жаудан қорғаған. Жәнібек батырдың ерен ерлігіне риза болған Абылай хан батырдың еңбегін бағалаған. Қазақ болсаң керей бол, алты алашқа мерей бол! – деген Төле бидің сөзі қанатты сөзге айналған [131, 36].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет